"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Абай –дана,Абай -дара қазақта" Әдеби кеш

Абай –дана,Абай -дара қазақта

 

Мақсаты:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін,әндерін мәнерлеп айтқызу.

Көрнекілігі: Абай портреті,кітаптар,шығармалары,қанатты сөздер,слайд,банер,сурет көрмесі.

 

1 жүргізуші. 

Құрметті ұстаздар,оқушылар.  Бүгінгі «Абай -дана,Абай –дара қазақта» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.

 

Өлсе өлер табиғат,адам өлмес

Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес

Өлді деуге сияма ,айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

 

2 жүргізуші.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім

Жырымен жан сусынын қандырған кім

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып,кейінгіге қалдырған кім?

 

 

Хормен: «Желсіз түнде жарық ай»

 

 

1 оқушы

Абай –Ибраһим

Абай 1845 жылы жылан жылында туылып,1904 ж 60 жасында Семей уезінің Шығыс болысында дүниеден өткен. Негізгі аты- Ибраһим болсада  «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.

Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енеді.Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы ,Абай ауданы,Семей облсында өтті.

 

2 оқушы. Абай әке жағынан алғанда тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды.Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округының аға сұлтаны болған.Ал шешесі Бошан руынан тарайды.

 

3 оқушы. Әкесі тілге  шешен ,ақылға бай,қатыгез,ал шешесі керсінше ағайын туысқа қайрымды,мінезі жұмсақ,тілге бай адам болған.Аяулы әжесі мен анасы Ұлжанның айтқан аңыз әңгімелері Абайдың санасына біртіндеп сіңе береді. Осылайша ,Абай өз халқының қазынасына қанығып өсті.

 

4 оқушы. 20 жасында ол от тілді шешен,халық өмірі мен әдетін,билік туралы істі көп білген көсем болған. 14 жасында өлең шығарған.Мақал ертегі,нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып Араб,парсы,түркі тілдерін үйренеді.

 

 

 

5 оқушы

Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грос пен Михаэлис болды. Абай орыстың ақын жазушылары –Пушкиннің ,Лермонтов, Крылов еңбектерін оқыған. Абай орыс мәдениетін,өнерін ,білімін үлгі еткен. Бұлда Абайдың даналығы.

 

6-оқушы

А .Пушкиннің «Онегин» шығармасын, «Татьянаның хатын», Лермонтовтың «Ой», «Қанжар», «Теректің сыйы» өлеңдерін  аударды. Абайды аудармашы депте айтуға болады.

 

7-оқушы

Абай мысал өлеңдерін шебер жаза білді. Ақын осы жанр арқылы қазақ халқының сол кездегі өмірін,адамдардың мінезі мен іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелермен көркем жеткізді.

 

8-оқушы

Абайдың іргелі еңбектерінің бірі әрі бірегейі-қара сөздер. Осы сөздердің бірнешеуі алғаш рет 1918 жылы Семейде шыққан «Абай»журналында жарық көрді. Артынан Абайдың қара сөздері орыс,қытай,француз,т.б әлемнің көптеген тіліне аударылды.

 

Сахнаға Абай шығады.

 

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

Соқтықпалы ,соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма.

 

1 жүргізуші

Абай ақын.Туған жердің табиғаты ,туған отбасы,заманы-барлығы Абайдың сезіміне ,жүрегіне әсер етіп,оның ақындығына әсер етті. Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

Аружан «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы»

Асылан « Жағытұры»

Тамирлан «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Құралай «Өзгеге көңілім тоярсың»

Нұрай «Жаз»

Арай « Әсемпаз болма әрнеге»

Тияна «Қыс»

Дидар « Күз»

Артем «Күлімсіреп аспан тұр»

Айбол « Жігіттер ойын арзан,күлкі қымбат»

Жанай  «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»

 

 

 2 сынып  Мадина

,3сынып оқушылары

4сынып оқушылары

Саян

Карина

Ерәділ

Жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды

 

2 жүргізуші:Көріп отырғандарыңыздай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық,надандық,кертартпалықпен күрескен,халық қамын ойлаған,жастарды білімге,еңбекке,өнерге шақырған.

 

1 жүргізуші :

Абай ойшыл .

Абай ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.

Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.Жақсы мен жаман туралы баяндайды,халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар.  Қара сөздері мен прозасынан үзінділерді тыңдайық.

Айман прозадан үзінді « Абай мен әкесі»

Бахиткул 27 қарасөзі

Мейрамгул  прозадан үзінді « Абай»

Құралай 7 қара сөзі

 

Ән: « Көзімнің қарасы»

Хормен оқушылар орындайды

 

Абайдың Әйгерімге арнаған өлеңінен үзінді

Ролдерде :

Абай –Адис

Айгерім - Аружан

 

АБАЙ

 

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы.

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған.

Бір жаңа ұқсатамын туған айды

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын.

Ақша жүзді ,алқызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса,көрінер кірсіз тісі.

Сықылды қолмен тізген ,іш қайнайды.

Сөйлесе,сөзі әдепті әм мағыналы

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.

Қолаң қара шашы бар жібек талды.

Торғындай толқын ұрып,көз таңдайды.

 

ӘЙГЕРІМ

 

Жігіттер ,ойын арзан,күлкі қымбат

Екі түрлі нәрсеғой сыр мен сымбат

Арзан ,жалған күлмейтін,шын күлерлік

Ер табылса жарайды ,қылса сұхбат.

Кеибіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар.

Абайлар әрбір сөзді өз халынша

Шын көңілмен сүйсе екен,кімді сүйсе

Бір сөзімен тұрса екен,жанса күйсе.

Қырмызы қызыл жібек бозбалалар.

Сыртқа пысық келеді,көзге түссе

 

АБАЙ

 

Ақылыңа сөзің сай ,

Сіз-жалын шоқ,біз-бір май

Ыстық сөзің кірді ішке,

Май тұрама шыжымай

Қабыл көрсең көңілім жай,

Тастап кетсең ,япырым-ай

Ит қор адам болама

Бұл жалғанда сорлыңдай

 

ӘЙГЕРІМ

 

Қиыстырып мақтайсыз,

Ойласаң не таппайсыз

Бізде ерік жоқ өзің біл

Әлденеге бастайсыз.

Бізде әркімді байқаймыз

Тап бергеннен тайқаймыз

Сіздей асыл кез болса

Қайтып басты шайқаймыз

 

 

 

Абай әлеміне слайд көрсетіледі

             Қысқаша өмір жолына түсінік беріледі

 

Сұрақтар қойылады. Абай шығармашылығына байланысты.

 

  1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жаряланып отырды.
  2.  Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?
  3.  Абайдың шын аты кім?
  4.  Абайдың қанша күйі бар?
  5.  Абайдың аяқталмаған поэмасы
  6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған
  7.  Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата?
  8. Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
  9.  «Абай жолы» романын кім жазды?
  10. Абай кімге ғашық болған?

 

 

1 жүргізуші

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із,өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Өлді деуге сия ма,ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

 

2 жүргізуші.

 

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай,өмірлік нұсқау алдық. Қара сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт бағдар,ақыл қосушы.Сондықтанда ,Абай атаны жадымызда ұстаймыз.

 

Жаңартылған күні: 20.05.2020 20:00
Құрылған күні: 20.05.2020 20:00

Текст