"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ 06-24 қазан аралығында 2025 күндері өткен пәндер декадасының есебі

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ

06-24 қазан аралығында 2025 күндері өткен пәндер декадасының

ЕСЕБІ

6-10.2025 қазанда көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, АӘД пәндерінің апталығы өтті.

Аюбекова Т.Т-4 сыныпта 16.10.2025 күні көркем еңбек пәнінен «Органайзер жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ мақсатына жетті. Көрнекілікке өте бай, заманауи әдіс-тәсілдер қолданылған жақсы сабақ өтті. Сабақта қауіпсіздік ережелері ескертілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, шығармашылық жұмысты тияянақты орындады. Мұғалімдер де сабақ барысында қолөнер жасады.

Мустафин Е.Т-7-8 біріккен сыныпта «Ойын құрылымы» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ дене қыздыру жаттығуымен басталып, қауіпсіздік ережесін таныстырып, волейбол ойынының ережесімен және ойнау тәсілімен түсіндірілді.

Мустафин Е.Т- 5-9 сыныптар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізді. Ойын ережесімен, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Апта соңында марапаттау болады.

Мустафин Е.Т- 5-9 сыныптар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

Малигова М.-2 сыныпта – 22.10.2025 күні еңбекке баулу пәнінен «Жыл мезгілдері» иллюстрациясы атты ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ амандасу, жағымды көңіл-күймен басталды. Сабақ үстінде қауіпсіздік ережесімен таныстырып, жаңа тақырып түсіндірілді. Көрнекілікке бай, оқушылар белсенді қатысты. Мұғалімдер де шығармашылық жұмысқа қатысты.

Жұмабек Т.Ж – 2 сыныпта 23.10.2025 күні «Менің мектебім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабағы жақсы деңгейде өтті. Балалармен қызықты тапсырмалар орындалып, шығармашылық жұмыс жасалды. Оқушылар өз ойындағы мектеп суретін салып, тақтада қорғады.

Жұмабек Т.Ж- 21.10.2025 күні 1-4 сыныптар арасында «Бояулар әлемінде» атты сурет салудан жарыс ұйымдастырды. Оқушылар еркін тақырыпта сурет салды. Жеңімпаздар марапатталады.

13-24.10.2025 күндері аралығы Бастауыш сынып мұғалімдерінің 10 күндігі өтті.

14.10.2025- «Бастауыш -білімнің бастауы» атты апталықтың ашылуы өтті. Ашылу салтанаты өте қызықты тапсырмалармен, пән туралы түсінік берумен және 10 күндік декаданың жоспарын таныстырумен өтті.

Аюбекова Т.Т – әдебиеттік оқу пәнінен «Мен бақытты баламын» тақырыбында 22.10.2025 күні ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Бақыт сөзінің мағынасын ашып, оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету. Сабақ жоспары жақсы әдіс-тәсілдермен құрылған. Оқушылар белсенді, қызығып қатысты. Мұғалімге ұсыныс, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын үйрету қажет.

Малигова М.- математика пәнінен 24.10.2025 күні «Көлем.Көлемнің өлшем бірліктері» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Көлемнің өлшем бірліктері мен көлемді салыстыру. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Математикадан оқушылардың деңгейі жақсы. Сыныпта дарынды оқушылар бар. Мұғалімнің сабағы көрнекілік пен мен әдіс-тәсілдерге бай және тиімді құрылған. Мұғалімге ұсыныс: Оқушыларды әділ бағалау

Аманжол Г.А. «Тапқыр болсаң, тауып көр» зияткерлік ойын өткізді. Ойын жарыс түрінде қызықты, әрі танымды болды. Екі топта белсенді қатысты. Мұғалімге ұсыныс:  Оқушыларды тәртіпке шақыру

Жұмабек Т.Ж- 1 сыныпта 23.10.2025 күні жаратылыстану пәнінен «Жануарлардың табиғатқа бейімделуі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату. Сабақ жас ерекшелігіне сай. Сабақ мақсатына жетті. Көрнекілік пен әдіс-тәсілге бай. Ұсыныс: Оқушылардың оқу және жазу дағдысына көп көңіл аудару керек.

Малигова М.- 24.10.2025 күні «Поэзия кеші» атты мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Бастауыш сыныптан 5 оқушы қатысты. Кеш 3 кезеңнен өтті. 1-кезеңде өлеңді жатқа мәнерлеп оқыды. 2-кезеңде «Ақынды тап» ойыны. 3-кезең «Автор орындығы» өз шығармашылығынан өлең шығару. Әділ-қазы алқасы шешімімен, оқушылар номинация бойынша марапатталды.

Бастауыш сынып апталығының жабылуы-24.10.2025 күні өтті. Қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жасалды. Мұғалімдердің жоспар бойынша атқарған, жұмыстарына шолу жасалды. Оқушылар өткізілген іс-шара бойынша марапатталды.  

 

Директордың оқу жөніндегі орынбасары:  М.Малигова


Текст