Аға тәлімгердің І-тоқсандық есебі
19-қыркүйек күні НАО ННПИБД «Өркен» бастамасымен «Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында достық, өзара сыйластық, бір біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру, мектеп ішінде буллингке жол бермеу, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Мұғалімдер күніне арналған «Ұстазым – ұлт болашағы» он күндігіне орай мектебімізде «Жас дарындар» күні аталып өтті. Үзіліс уақытында оқушылар ұстаздарына арнап ән шырқап, би биледі.
30-қыркүйек күні Өзін-өзі басқару ұжымы «қамқор» жобасы аясында зейнеткерлерге көмек көрсету шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар зейнеткерлердің үйлеріне барып, тұрмыстық көмек көрсетіп, аула тазалауға, отын жинауға және басқа да шаруаларға қолғабыс жасады. Бұл игі іс оқушылардың мейірімділік, қамқорлық және үлкендерді құрметтеу сезімдерін арттыруға бағытталды.
3-қазан Өзін-өзі басқару ұжымының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды. Сондай-ақ ұстаздарға сұрақтар қойылып, көңілді сәттерге толы бағдарлама ұсынылды. Бұл шараның мақсаты – ұстаз еңбегіне құрмет көрсету, ұстаздарға деген алғыс сезімін білдіру және оқушы мен мұғалім арасындағы сыластықты арттыру болып табылады.
16-қазан күні Мектеп парламентінің мүшелері, мектеп президентін сайлау үшін үміткерлермен таныстыру кезеңі өткізілді. Мақсаты, оқушылардың үміткерлермен танысып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік беру.
17-қазан күні Мектеп президенті – 2025 өтті. Мақсаты: Жоғары буын оқушыларының арасынан әділ түрде мектеп президентін сайлау, оқушылардың бойына жауапкершілік сезімін ұялату және мектеп өміріне белсенді, қызыға араласуларына мүмкіндік беру. Іс-шара барысында үміткерлер өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен әділ және ашық түрде өткен дауыс беру қорытындысы бойынша Сатім Айару көпшілік дауыспен мектеп президенті болып сайланды.
21-қазан күні «Желі қауіпсіздігі» флешмобы өтті. Мақсаты, балалар мен жасөсіпірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ бала -жасөспірім ортасында достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.
24- қазан күні Республикалық бірыңғай «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5-сынып оқушылары қабылданды. Мақсаты, оқушылардың бойында патриоттық сезімін оятып, отан, ата-ана, мектеп, дос алдындағы міндеттерін білуге. Антқа берік болуға, жауапкершілік сезімдерін ұялатуға баулу. Оқушылар анттарын жаттап, өз міндеттерін сезіне біліп, жауапкершілікпен қарай білді.
Аға тәлімгер: Баетова Н.К.