"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

«Құмай негізгі мектебі» КММ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық

ақпараттық науқанға байланысты  өткізілген 10 күндік

бойынша есеп беру 2018-2019  оқу  жылы

         Құмай негізгі мектебінде қарашаның 12-23-і аралығында «Зорлықзомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық  ақпараттық науқанға байланысты  10 күндік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1. Қарашаның 12-23 аралығында «Жасөспірім және көше» сынып жетекшілері мен тәрбие орынбасарының жауапкершілігімен кешкі көше мен аулаға рейд жүргізілді. Рейдтік жұмыс барысында ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.

2. Қарашаның 13-і күні 5-8 сынып оқушылары «Біз әлемді өзгертеміз», «Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» деген тақырыптарда эссе жазды.

3. Қарашаның 14-і күні мекеп  Психологы Сулейменова Р.А.  «Сенім телефоны»  мен «Сенім жәшігін»  ұйымдастырды.

4. Қарашаның 15-16-сы күндері сурет пәні мұғалімдері 2-6 сынып оқушыларымен «Әр қашан күн сөнбесін» атты сурет көрмесін ұйымдастырды.

5. Қарашаның 19-ы күні мектеп Медбикесі Мқхамбетжан Д.Ж.  «Салауатты өмір салтын қолдау» тақырыбында 5-8 сынып оқушылармен кездесулер ұйымдастырып, ақыл кеңестер берді.

6. Қарашаның 20-сы күні Тәлімгер Бірлесхан А.  5-8 сынып оқушыларына «Кәмілеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында лекция оқып оқушыларды құқық бұзушылық  орнын алған жағдайда  кімге және қайда  жүгінуге болатыны туралы ақпараттандырды.

7. Қарашаның 22-сі күні мектеп Психолгы 5-8 сынып оқушыларымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында тренингтер өткізді.

           

 

       Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.

Жаңартылған күні: 17.04.2019 17:52
Құрылған күні: 23.04.2019 16:18

Текст