"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы бойынша ІІІ-тоқсанда өткізілген іс-шаралар есебі 2019-2020 оқу жылы.

Құмай негізгі мектебінде тәрбие жұмысы бойынша

ІІІ-тоқсанда  өткізілген іс-шараларға есеп беру

2019-2020 оқу жылы.

1. Қаңтардың  9-10-ы күндері 1- сынып оқушылары сынып жетектілеріменг «Қар ғажайыбы» тақырыбында мектеп ауласын безендіріп қардан мүсіндер жасады.

 

2.Қаңтардың 10-15 арлығында оқушылардың құқығын қорғау мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды.

2.1.Қаңтардың 15-і күні Жасөспірімдердің құқығын қорғау мақсатында «Заң және бала» тақырыбындаата-аналар жиналысы өткізілді.

2.2. Жиналысы барысында Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. ата-аналарға қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе ол ,жасөспірімдердің жиісексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болуы, сонымен қатар жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің көбеюі туралы сөз қозғап, ата-аналарға мұқият болуды, балалардың күнделікті іс-әрекетін назардан тыс қалдырмауды , әлеуметтік желідегібайланыстарын қадағалап отыруды сұрады. Сонымен қатар«Жасөспірімдерді сексуальдық зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керек» жаднамалар үлестірді.

2.3. Учаскелік Фельдшер Мұхамбетжан Д.Ж. «Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбындабаяндама оқып, ерте жүктіліктің , нашақорлықтың салдарытуралы видеороликтер көрсетті.

2.4.. Мектеп Психологы Сулейменова Р.А. Бақытты отбасындағы ата-ананың рөлі , суицидтің алдын алу туралы ата-аналарға ақпараттар беріп, үндеулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тренингтер өткізді.

2.5.. Әртүрлі сұрақтар бойынша ата-аналар өз ойларын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жиналысқа 1-8 сынып ата-аналарықамтылды.

       

3.Қаңтардың 20-сы күні директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е.               5-8 сынып оқушыларымен және ата-аналармен   «Снюс» түтінсіз темекі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, видеороликтер көрсетті.

Іс-шара барысында «Снюс»-тың адам денсаулығына қаншалықты зиянды екендігі  туралы  айтылып , ата-аналарға барынша сақ болуды ескертті.

Жиын соңында ата-аналар мен оқушылар «Снюс» туралы сауалнамалар толтырды.

            

             

4. Қаңтардың 24-сі күні «Ғаламторсыз бір күн» атты 4-8 сынып оқушылары арасында шаңғымен сырғанау жарысы өтті. Іс-шараға барлығы 19 оқушы қатысты. Жарыс өте жақсы деңгейде өткізілді. Денешынықтыру пәні мұғалімі Мустафин  Е.Т. оқушыларға шаңғымен сырғанаудың қыр-сырын үйретіп, оқушылар бұл іс-шарадан жақсы әсер алды. Ғаламторсызда уақытты көңілді өткізуге болатыны жайлы тағы бір мәрте түсінді.

          

  5. Қаңтардың 28-і күні директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е.             5-8 сынып оқушыларымен  «Мектептегі оқушыларды бопсалау, қорқыту, қысым көрсету» жағдайларын анықтау бойынша анонимдік сауалнама жүргізді. Сауалнамаға барлығы 16 оқушы қатысты. Олардың ішінде 9 ұл, 7 қыз.

Сауалнама қортындысы бойынша жоғарыда айтылған жағымсыз жағдайлар Құмай негізгі мектебінде  орын алмағаны анықталды

6. Қаңтардың 20-сы мен ақпанның 20-сы аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға мектеп ұжымы мен оқушылары түгел ат салысып қатысып келесі іс-шаралар атқарылды.

         6.1. Іс-шарның ашылу салтанаты өткізіліп, оқушылар өздері білетін Абайдың өлеңдері мен әндерін шырқады.

6.2. «Абай әлемі» тақырыбында 1-8 сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін, шығармаларын, қара сөздері мен прозасын  бөлісті.

6.3. Абай шығармалары тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік сурет иегелері марапатталды.

6.4. 5-8 сынып оөушылары арасында «Буклеттер мен эссе»  байқаулары өткізіліп, үздік буклеттер мен эссе иегелері анықталып мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды.

6.5.  «Абай -дана, Абай -дара қазақта» тақырыбында кітап көрмесіұйымдастырылып, 1-8 сынып оқушылары  Абай шығармасымен, Абай өмірімен тағы бір мәрте танысты.

6.6. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі 8-сыныпта «Адамзаттың Абайы», «Ақын өмір сүрген заман» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.

6.7. 1-8 сынып жетекшілері Абай тақырыбында әр сыныпта ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

6.8. Әдебиет пәні мұғалімі Алмаганбетова Г.Т. «Абай -дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кешке мектеп ұжымы мен оқушылары түгел қамтылды. Оқушылар Абай өлердерін нақышына келтіре   мәнерлеп оқып,  әндерін шырқаса, мұғалімдер қара сөздері мен шығармаларынан прозалар оқыды.

Кеш өте жоғары деңгейде өткізілдіп, белсенді ат салыпып қатысқан  көрсеткен оқушылар мен мұғалімдер Мадақтамалар мен Алғыс хаттамен марапатталды.

               

            

             

              

               

7. Ақпанның 3-7сі аралығында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ЖҚТБ-ға  қарсы күрес» апталығы өткізілді.  Апталық барысында мектеп Медбикесі Мұхамбетжан Д.Ж. 6-8 сынып оқушыларымен «ЖҚТБ-ны қалай анықтауға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізіп, сауалнамалар жүргізді.  Мектеп Психологы Сулейменова Р.А.  оөушылармен тақырыпқа байланысты тренингтер өткізді.

 

     

 

8. Құмай негізгі мектебінде қаңтар-ақпан айларында 5-8 сынып оқушыларынан «Бір біргеміз» атты еріктілер жасағы құрылып жалғыз басты қарттар мен зейнеткерлерге қолғабыс етіп, аулаларын қардан тазартып, жолдарын ашуға көмектесті.   Бұл іс-шара «Бәріміз, тек бірге!» атты науқанмен жалғасуда.

           

             

              

 

 

9. Наурыздың 3-6-сы аралығында «Ана-өмірдің тірегі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, тәрбие сағаттары өткізіліп, аналарға арнап мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараға  0-8 сынып оқушылары қатысып, аналақ қонақ ретінде шақырылды.

              

 

10. Наурыздың  9-13-сі аралығында сынып жетекшілері Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында , ата-аналар мен оқушыларға көктемгі демалыс уақытындағы техника қауіпсіздік  ережелерін таныстырып, қауіпсіздіктің алдын алу жұмыстырын жүргізді.

 

            Мектеп директоры:                       Альмагаметова С.С.

         Директордың

ТІЖ орынбасары:                         Мұса Е.

        
 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.05.2020 23:39
Құрылған күні: 19.05.2020 23:39

Текст