«Құмай негізгі мектебі» КММ
Отбасы күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар
бойынша есеп беру 2018-2019 оқу жылы.
Қыркүйектің 10-14 аралығында Отбасы күнінін мерекелеу шеңберінде іс—шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сынып жетекшілері әр сыныпта «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізсе, мектеп Психологы «Мерейлі отбасы-татулық тірегі» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
Директордың ТІЖ орынбасары 3-8-сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» тақырыбында шығарма байқауын ұйымдастырып, үздік шығарма иелерін марапаттады, 1-8 сынып оқушыларымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мерекелік кеш өткізді. Кешке ата-аналар мен мектеп ұжымы қонақ болды.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасын құрметтеуге, ата-ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.