"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құмай ауылының негізгі орта мектебі психологінің жыл бойы жүргіген психологиялық жұмысының есебі

Құмай ауылының негізгі  орта білім беретін

мектеп психологінің жыл бойы

жүргіген психологиялық жұмысының

 

 

Есебі

          Жыл басында бекітілген жоспар бойынша жұмыстар істелінуде. Психологиялық қызмет жұмысының жылдық перспективалық жоспары және түрлібағыттар бойынша жоспар жасалды.Оқу-тәрбие процесіне қатысып, оқушылардың, мұғалімдердің іс-әрекеттері бақыланды.

Мектептегі психологиялық қызметтің оқушылар, ата-аналар,  әкімшілік, педагогтармен жүргізілген жұмыстарына жекелей тоқталып кетер болсақ, 1-9 сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне қарай психодиагностикалық, психологиялық кеңес, психопрофилактика, психокоррекция, ағартушылық  жұмыстары қажеттілігіне орай жүргізіліп отырды. Мысалы, бастауыш буындарға танымдық қабілеттеріне, жанұясымен, сыныптастарымен өзара қарым-қатынастарына, мектеп мотивтеріне, пәнге, оқудан тыс қызығушылықтары мен бейімдеріне диагностикалық, дамытушылық жұмыстары жүргізілді. Орта буындарға мектеп мазасыздығын анықтап, сыныптастарымен тұлғааралық қарым-қатынас, сауалнама анкеталар, тәрбиелік бағыттағы топтық шаралар жүргізілді. Жоғарғы буындарға кәсіптік бағыттарын айқындау, тұлғалық коммуникативтік сапаларын дамыту, адамгершілік сапаларын дамыту мақсатында профилактикалық шаралар өтті.

 

5-сынып оқушылардың орта буынға бейімделу кезенге өтетін жұмыс бағдарламасы бойынша  «Мен және біз» тренинг сабағы өткізілді.

         .

06-10.02 аралығында психология апталығы өтті.Әр  сыныпта тренинг,ойындар,жаттығулар өтті.Оқушылар белсенді қатысқан үшін сыйлықтармен марапатталды.

 

6-9 сынып арасында,шылым  және есерткі  шегу жайында түзету  жұмыстары жүргізілді.Тақырыбы «Зиянды әдеттерден алдын алу».

 

7-9 сынып оқушыларымен дөңгелек стол өткізілді.

 

7-9 сынып тренинг өткізілді тақырыбы  «Доссыз-өмір бос»

;
Бастауыш сынып оқушыларымен қызықты психология ойыныдар ойнатылды.

 

         Оқушылардың бойындағы агрессивтілік деңгейін анықтау мақсатында 1,5,9 сынып оқушыларына «Проективтік әдістеме Кактус» және «Басса Дарки әдістемесі» өткізілді. 4 сыныпқа «Проективтік әдістеме Кактус» әдістемесі өткізілді. бұл әдістеме арқылы әр оқушы жайлы көп мәлімет алдым.       

«Мен қандаймын? » әдістемесі  өткізілді. Жалпы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі бір қалып деңгейді көрсетті.

 

 

4  сынып оқушыларына орта буында кездесетін қиындықты анықтау мақсатында  5- сыныптан мен не күтем» атты сауалнама өткізілді.

     

 

         Өмірге позитивті көзқарас жұмыс жоспары бойынша жыл бойы атқарылған психологиялық профилактикалық жұмыстарға тоқталатын болсам: өздерін қоғамдық орында ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Өзін тәрбиелеу өмір талабы» атты тақырыпта әңгімелесу 8-9 сынып оқушылары арасында. Өзінің ерекшелігін білу, қабылдау мақсатында 7 сынып оқушыларына «Менің ішкі әлемім»;

         7-9 сынып аралығында құқық бұзушылықтын алдын алу мақсатында «Құқық» атты сауалнама өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктерін дамыту бойынша: сабақ беретін негізгі пәндердің мазмұнымен табыс критерийлерін дамыту. Оқушыларды бағалау әдістемесі өте қажет, сыныпты басқару, пәндер бойынша түсінік беру, оқытудағы АКТ дағдыларын, білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту, оқушылардың тәртібі және  мінез-құлық, мектепті басқару және әкімдеу, оқушылардан кеңес алу дағдыларын дамыту керектігі байқалады.

Мектепте кері байланыс бойынша өзгерістер жалпы орташа деңгейді көрсетіп отыр.

.

 

Мектеп психологы:                                     Сулеймен

Жаңартылған күні: 23.06.2023 11:55
Құрылған күні: 23.06.2023 11:55

Текст