"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті және 7-8 сынып жетекшісінің өткізілген іс-шараларының 1 тоқсанның есебі

 «Құмай ауылының негізгі орта мектебінің»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті және 7-8 сынып жетекшісінің

өткізілген  іс-шараларының

1 тоқсанның   есебі

 

Қыркүйек –еңбекқорлық және біліктілік айы .

1 қыркүйек күні оқушыларды салтанатты жиында қарсы алдық. «Мектебім –мейірім мекені!»-оқу аптасының басында білім алушылар ҚР –ның ән ұранын орындады. Салтанатты жиынға қатысты. Оқушыларды сыныбымен таныстырып , кітаптары берілді.

 

2 .09.-05.09«Мектебім – мейірім мекені!»

Қауіпсіздік сабағы

 

«Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары

Мақсаты: Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Қауіпсідік мақсаты: Оқушыларды  төтенше жағдайларда көмекке келетін қызметтермен таныстыру. Төтенше жағдайлар қызметі мен сенім телефондарының нөмірлерін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету

мақсатында тәрбие сағаты өтті.

5.09.24. Қазақстан тілдер мерекесінің ашылуы. Ұлттық жазудың негізін қалаушы Ахмет Байтұрнсынұлы туралы «Ұлтымыздың ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы»сторителинг үйымдастырылды. Бастауыш пен қазақ,орыс,ағылщын мұғалімдері қатысты.

Мақсаты:Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Мектепішілік ойын сабағы болды. 2-7 сыныптар. Тіл мәртебесі-ел мерейі. Сайыс сабақ өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.

04.09.24. Диктант жазғызу. Ауданнан диктант мәтіні келді. Оқушыларға жазғызылды. Мақсаты. Оқушылардың. Сауатты ,қатесіз жазылуын қадағаланды.

08-12.09.2025ж. Тақырыбы: «Ана –отбасының шамшырағы». Отбасы күніне арналған тәрбие сабағы.

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ой бөлісу.

Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.

12.09. ата-аналар жиналысы болды. Барлық ата-аналар толық қатысты. Баяндама оқылып,сұрақ –жауаптар,тренинг болды.

15-19.09.2025ж. «Булингтен қорған»

«Жеке шекараларды зерттеу»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)оқушыларға видиоролик көрсетілді. Буллинг пен кибербуллинг туралы түсінік берілді

22-26.09. «Еңбек етсең емерсің»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут) Еңбекқорлық –табыстың кілті «Еңбек түбі — береке» атты тәрбие сағатының басты мақсаты — оқушыларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру, оның адам өміріндегі ролін көрсету және еңбекқорлық қасиетін дамыту. Бұл тақырып аясында адам еңбегінің нәтижесінде жеткен жетістіктері, қоғамның дамуына қосқан үлесі және жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсері туралы сөз қозғалады.Мақсаттары:Еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру. Оқушыларға еңбектің тек материалдық пайда емес, сондай-ақ рухани қанағат, өздігінен даму мүмкіндігі екенін түсіндіру.Табандылық пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту. Еңбектің тек қана жұмыс емес, өз ісіңе деген адалдық, мақсатқа жету жолындағы табандылық  екені туралы айтылды.

29-03.10.25ж. «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»

 Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қарттарым- асыл қазынам»атты тәрбие сағаты өтті.мақсаты:оқушыларға ұлттық қадыр-қасиеттер,имандылық,үлкенді қадірлеу,үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.Оқушыларға еңбекті сүюге,отанымыздың білікті де,білімді де адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Барысы:жол қауіпсіздігі туралы айтылды.

Қарттардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына туралы түсіндірілді.

ОқушыларҚарттар күніне байланысты плакатқа құттықтау сөздерін

 жазды.

«Қуаныш сыйлайық»қарттарға арналған ашық хаттаржасалды.

06—10.10.25ж«Автомобильдегі медициналық қобдиша» ЖЖЕ №2 / «Ұстаз – ұлы тұлға»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Ұстаз –ұлт болашағы. Ұстаздар мерекесіне байланысты оқушылар «Менің арманымдағы ұстаз»тақырыбында эссе жазды.

20-23.10.25ж. Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні

«Қазақ елі менің - Отаным»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Республика күні – Тәуелсіздік пен бірлік мейрамы»

Мақсаты:Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолын, Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндіру.

Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға баулу.

Тарихи сананы қалыптастыру, тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:Қазақстан Республикасының әнұраны айтылды. Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік берілді.

«Қолшатыр аясында біргеміз» ойында оқушылар сұрақтарға жауап берді

Ән айтылды:Менің отаным –Қазақстан.(хормен орындалды)

Қорытынды жасалды.

Жалпы ата-аналар жиналысы болды. Қауіпсіздік ережесіне қол қойылды.

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті және 7-8 сынып жетекшісі: Алмаганбетова Г.Т.


Текст