«Құмай ауылының негізгі орта мектебі»КММ
Мектеп психолыгының 2025 оқу жылында
І тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар есебі.
Педагог-психолог қызметінің мақсаты: Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау. Орта білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
1) Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, олардың тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
3) әрбір білім алушыға, тәрбиеленушіге оның жеке базы психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жеке көзқарас қалыптастыруға ықпал ету;
4) Психологиялық диагностика жүргізу және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтары мен проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық ;
Психологтың жұмысы жалпы жоспарлы түрде 6-бағытта жүзеге асырылды:
Барлық жүргізілген диагностикалық зерттеу:
1-9 - сыныптардың орта білім беру мекемесінің ,бастауыш буынына, жоғары сынып оқушыларына бейімделу деңгейін анықтау үшін диагностикалық жұмыстар жүргізіліп отырды. Сонымен қатар оқушылар мұғалімдерімен қарым-қатынасының жақсы болуына психологиялық жағдай туғызуына қиындықтарын анықтау мақсатында сабақтарға қатысып, сырттай бақылау жүргізілді. Оның мақсаты: 1,4-ші сынып оқушыларының жалпы бейімделу деңгейін,мұғаліммен кері байланысын және жалпы сыныптың хал ахуалын анықтау.
Жоғары сыныптарда 5- 6 сынып арасында «Жағымды көңіл күй» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды көңіл күйін көтеру, өзара жағымды қарым-қатынас орнату және өз -өзін басқару, оқушалрмен жағымды қарым қатынаста болу.
Оқушылардың бойындағы интернетке тәуелдігінанықтау мақсатында 5-8 сынып аралығында «Интернетке тәуелділік» анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде: 5-8 сынып аралығында оқушылар түгел қатысты. Интернетке тәуелді оқушы анықталмады. Дегенімен, оқушылармен әңгімелесу, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалана білу сынды сынып жетекшілермен бірлесежұмыстар жүргізіліп, ұсыныс кеңестер берілді.
Әлімжеттік және буллинг
Буллинг тақырыбында мектепте өткізілген шаралар:
1.«Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын-алу» тақырыбында челлендж өткізілді.
2.«Мен әлімжеттікке қарсымын» атты оқушыларға диагностикалық жұмыстар жүргізілді.
3.5-9 сынып аралығында «Әлімжеттіксіз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел құрылды.
4.9 сынып «Менің болашақ мамандығым» тренинг
5. 7-8-9 сынып «Кибербуллингсіз кеңістік» атты тренинг өткізілді.
2025 оқу жылының І тоқсан есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылуда. Тоқсан бойы оқу–тәрбие жұмыстары өзара байланысты болды.
Педагог-психолог: Аманжол Г.А.