"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданының білім бөлімі бойынша Құмай ауылының негізгі мектебі" КММ
КГУ  "Основная средняя школа села Кумай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал жол- Честный путь"

«Құмай негізгі мектебі» КММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  өткізілген  іс-шаралар

 бойынша есеп беру  2018-2019 оқу жылы.

         Қыркүйектің  7-14 аралығында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Адал жол- Честный путь» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.

1. Іс-шара барысында Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. 1-8 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2.  Әр сынып оқушылары «Жемқорлыққа Жоқ дейміз» тақырыбында қабырға газеттер шығарып, үздік газет иелері марапатталды.

3.  3-5 сынып оқушылары «Елімнің болашағы – менің қолымда» тақырыбында эссе жазды.

4.  Сынып жетекшілері «Адал жолмен жүру әр азаматтың борышы» тақырыбында 1-8 сыныптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

5. Мектеп Тәлімгері Бірлесхан А.  1-8 сынып оқушыларымен  «Біз еліміздің жарқын болашағы үшін» атты флеш-моб өткізді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық туралы түсінік қалыптастыру, адал елінің ертеңі үшін қызмет ететін азаматыққа тәрбиелеу.

      

 

 

     Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.


Текст