"Теңге – ұлттық табыстың кепілі" сыныптан тыс шара

Танымдық сағатын тақырыбы: "Теңге – ұлттық табыстың кепілі"

Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)


1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар!

«Теңге – ұлттық табыстың кепілі» атты танымдық сағатымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі - төл валюта - теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.

2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

2-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

2-жүргізуші: Банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы - тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге - ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

 

1-Жүргізуші: Теңгенің  16 – ға жуық құпия қорғанысы  белгісі бар. Ұлттық  валютамыздың   дизайның     жасаушы  авторлық  топтың   жетекшісі  Тимур  Сүлейменов  болды. Төл  теңгеміз  тек өз  еліміздің  экономикасын  ғана емес, көрші  жатқан елдің   экономикасына  да үлесін  қосты.  Одан түскен пайда елге  оралып  экономикамыздың  дамуына , халықтың  тұрмысын жақсартуға  жұмсалуда.
2-Жүргізуші:Теңге  - біздің  дербес  ел   болғанымыздың   белгісі . Басқаның   валютасына  тәуелді  болу -  барлық   байлығыңды біреудің  билігіне беру. Ұлттық  валюта – еліміздің  даму көзі, әлемдік  деңгейге  теңелудің алғашқы факторларының   бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің  қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда  №2155  Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі    номиналы  200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000  теңгелік  банкноттары  айналысқа  шықты.
1-Жүргізуші: Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында  айырмашылықтар  бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы  шыққан  Ұлттық  теңгеміздің шеттері       қазақтың ою – өрнектермен безендірілген.  Бірінші бетінде  қазақ   халқының  әйгілі ұлы тұлғаларының  бейнелері  басылды. Екінші бетінде  ою  - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз  салынған. Одан  кейін жаңа айналысқа  шыққан  ақша мынадай  болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы  теңгелер көрсетіледі.
2-Жүргізуші:Теңгенің орталық  бөлігінде « Астана – Байтерек»  монументі  бейнеленген . Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік  әнұраны ноталарының  фрагменті  ақ түспен  безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  елтаңбсы  жасыл түспен   бейнеленген.Жоғары оң  жақ   бөлігінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.Банкноттың  төменгі  жағында  ашық  алақан  бейнеленген.  Бұл бейбітшіліктің   белгісін білдіреді. Негізгі   бейнесі: Қазақстан картасының  контуры, алдыңғы  жағында ҚР Көлік  және коммуникация  министрлігінің үйі  және  Астанда  Есіл  өзені арқылы көпірде орнатылған  қанатты барыстың  суреті салынған.
1-Жүргізуші:  «Тиыннан  теңге  құралады» , -  демекші ,  ақшаны үнемді  пайдалану  керек.Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның  арасында   қандай  айырмашылықтар бар?