"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылындағы кітапхана жұмысының жылдық есебі.

2022-2023 оқу жылындағы кітапхана жұмысының жылдық есебі.

   Биылғы 2022-2023 оқу жылында кітапхана өз жұмысын жоспарға сай орындады. Жоспар бойынша оқу жылының басында кітаптармен қамту науқаны өтті. Қыркүйек айында «Алаштың ардақтысы» атты Ахмет Байтұрсынов атамыздың 150 жылдығына орай гид-көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өздері білетін және білмеген ақпараттарын еске түсіріп, жаңа ақпараттан хабардар болды. «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты іс-шараға еліміздің көркем жерлері туралы айтылып, шара әрі қарай күз мезгілінің кереметі «Арайлы алтын күз» мерекесімен өз жалғасын тапты. Мерекеде еліміздің осынау берекелі мезгілінде жиналатын мол байлықтарынан әр түрлі мүсіндер жасап әкелді және өз өнерлерін барынша көрсете білді. Мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті.Халқымыздың мақтанышы «Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына  туғанына 355 жыл» мерекелік атаулы күніне орай Гид-көрме бас көтерді. Көрменің мақсаты: оқушыларға Қаз дауысты Қазыбек би жайлы тың ақпараттар беріліп, ой-өрістерін дамыта түсу. Тоқсан сайын кітап тазалығын тексеру, реттеу жүргізілді. «Үзілісте мен өлең оқимын» атты ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу бастауыш сыныптар арасында өтіп, апталық сап түзеуде жақсы оқыған оқушылар марапатталды. М.Әуезовтың туғанына 150 жылдығына орай кітап көрмесі болды. Көрмеге бір туар тұлға жайлы тың ақпараттар қойылды. «Бірге кітап оқиық» атты 1-4 сыныптар арасындағы үйде отбасымен кітап оқу ұйымдастырылды. Акцияға оқушылар дерлік түгел қатысты.Көктем мерекесі қарсаңында Алғыс айту күніне мерекелік сап түзеу өтті. Мерекелік іс-шарада оқушыларға Алғыс айту күнінің мән мағынасы түсіндіріліп, ән шашумен және әр түрлі қызықты тақпақтар мен жұмбақ жасырылып іс -шара өз деңгейінде айтарлықтай атап өтілді. 22-наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мектептің концерттік бағдарламасы  «Ұлттық мереке- бақ береке бастауы» атты көрмемен ұштастырылды. Көрмеге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнектері бейнеленген суреттер, ақпараттар, кітаптар қойылды. 1-мамыр және 9-мамыр мерекесіне орай оқушыларға алдын-ала берілген ақпараттарға сай ұйымдастырылған викториналық сұрақтар мен ынтымақ, бірлік жайлы мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы қызықты кеш өткізілді. Оқушылар өз білімдерін толықтыра түсті, әрі қызығушылықтарын оята білді.Жыл аяғында кітаптарды жинау науқаны өтіп, әр сынып тізімге байланысты оқулықтарын қайтадан тапсырды.

 

Кітапханашы: Баетова Н.Қ.

Жаңартылған күні: 23.06.2023 12:25
Құрылған күні: 23.06.2023 12:25

Текст