«Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар

Есіл ауданы  Құмай ауылының негізгі орта мектебінде

 «Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай  өткізілген

 іс-шаралардың есебі.

5-16 қырқүйек аралығында жоспар құрылып хабарландыру  ілінді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай қабырға газеттері ілініп таныстырылды.  Негізгі іс- шараның мақсаты :

1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми  еңбектері туралы мағлұмат беру.

2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. 3. Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныстыру.

4. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

5. Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

5 қыркүйек . Қазақстан халқы тілдер күні мерекесінің ашылуы болды. Іс шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты қысқаша түсінік берілді.

 

6 қыркүйек. А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гид. Кітапханашы Н.Баетова көрме ұйымдастырып оқушыларға ақынның шығармалары мен кітаптары туралы айтып, сұрақ –жауап алынды.

 

7 қыркүйек. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде  9-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Тілімізге  деген көзқарас – елімізге  деген  көзқарас»   атты    шығармалар сайысы болды. Оқушылар жазған шығармаларын оқыды, жақсы жазған оқушыларға кері байланыс берілді.

 

8 қыркүйек.  Мектеп оқушыларының арасында өтетін «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы. Бұған жауапты бастауыш мұғалімі Аюбекова Т. болды. Оқушыларға өлең жаттатып көркем сөз оқуға, жатау қабілеттерін арттыру мақсатында өткізді. Жеңген оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

 

9 қыркүйек.  А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін эссе жазу байқауы боды. 5-9 сынып оқушылры қатысып. Жақсы жазған оқушыларға кері байланыс берілді.

 

12 қыркүйек. А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Дара тұлға» мәнерлеп оқу сайысы болды. Бүнда оқушылар ақынның өлеңдерін жаттап шеберліктерін көрсетті.

           

13 қыркүйек. «1001 мақал – 101 жұмбақ» зияткерлік сайысы.

 

14 қыркүйек. А.Байтұрсынұлының 150 жыл. Ұлттың –ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми  еңбектері туралы мағлұмат берілді. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның  көркеюіне үлес қосуға шақырды слайд көрсетіліп, видио, аудио тыңдатылды. Оқушылардан сұрақ-жауап алынып қорытындыланды.

 

 

 

 

15 қыркүйек. «Тіл мәртебесі - ел мерейі» сайыс.  «Тіл мәртебесі - ел мерейі» сайыс.   Оқушыларға 3 тілде ойын ұйымдастырылып сайыс түрінде өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп қызықты өткізілді.

 

 

16 қыркүйек.  Мектеп оқушыларының арасында өтетін «Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім» мерекелік кеш. Бұл кешті ұйымдастырған мектеп тәлімгері Ж. Сәрсенғалиева болды. Оқушыларды үш топқа бөліп сайыс түрінде өткізді. Сайыстың мақсаты:  Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында өткізген сайыс жоғары деңгейде өтті.  

 

10 күндік декаданың қорытындылап жақсы қатысқан оқушыларға кері байланыс берілді.

Директордың ТІЖО: Мұса Е.