"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ Тәрбие жұмысының 1 жарты жылдық бойынша талдау есебі 2023-2024 оқу жылы

25.01.2024

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ

Тәрбие жұмысының 1 жарты жылдық бойынша талдау есебі

2023-2024 оқу жылы

 

 

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие  жұмысының жылдық жоспары «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша жасалған.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

 

2023-2024 оқу жылына арналған жоспарда тәрбие саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Онда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, облыстық білім департаменті, аудандық білім бөлімінің нұсқаулары, еңбек заңдылықтары мен нормативтік құқықтық актілері, мектеп ережесі мен жарғысы басшылыққа алынды.  Жыл басында тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.  Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары, суицидтың алдын-алу жұмыстары мен ертежүктіліктің алдын-алу шаралары кенінен жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен «Мектепке жол» акция аясында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді.

 

 

  1. 1қыркүйек–білім күні.  Салтанатты жиын және «Мектеп – мейірім мекені» сынып сағаттары.

 

 «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған мектепте  «Алғашқы қонырау!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Биылғы оқу жылында санитарлық талаптарға сай, 0-сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады. Мерекелік салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынымыз Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Мектеп директоры Мұса Еркегүл құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, жиын қонақтарымен бірге 1 сынып оқушыларына Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлының тұңғыш «Әліппе» оқулығын тапсырды. Директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары мектеп оқушыларын, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. 2-9 сыныптарда «Мектеп – мейірім мекені» атты тәрбие сағаттары өткізілді.  

 

2 5 қыркүйек- ҚРхалықтарының Тілдері күні. А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған  «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар

 

5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын.  Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.                                          

 

  1. «Сергіту сәті» Республикалық челленджі. (9 ай-9мейрам)

 

Мектебімізде 2-9 сынып аралығында дене шынықтыру пәні мұғалімі Мустафин Е.Т. ұйымдастыруымен өткен сергіту сәті.

 

  1. «Отбасы-бақыт мекені»  Отбасы – күніне арналған іс -шаралар

 Іс-шара барысында 2-4 сынып жетекшілері«Отбасы  - бақыт мекені» тақырыбында сыныпсағатын өткізді.Оқушылар арасында фотоколладж көрмесі өткізлді. 5-9 сынып арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 5-9 сынып аралығында «Мен бақытты жанұяның баласымын» тақырыбында ЭССЕ жазылды.  Іс-шараға барлық 2-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қамтылды

 

  1. Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл.

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар буклеттер жасады. Ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаянымен, атқарылған жұмыстармен танысты. Өткізген: : Баетова Н.Қ                                    

  1. Салауатты өмір салтын насихаттау «Мектеп спорты апталығы»  «Спорт ойындары күні» спорттық акция.

 Оқушылар арасында спорт ойындары, жарыс ұйымдастырылды. Спорт пайдасы туралы қабырға газеттері жасалынды. Өткізген  Мустафин Е.Т.

 

  1. «Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясы (кибербуллингтен қорғау, зорлық-зомбылықтың, жарақаттардың алдын алу)

Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды:   1-4 сынып жетекшілері  «Қылмыссыз балалық шақ»,  5-9 сынып жетекшілері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыптарында сынып сағаттанын өткізді. Мектеп психологы оқушылардан сауалнама алды.

 

  1. Қарттар күніне арналған іс-шаралар («Еңбегі адал жас өрен» жобасы, қамқорлық акциясы) Мерекелік кеш, қамқорлық акциясы

Іс-шара барысында Жас Ұлан Ұйымының аға Тәлімгері («Еңбегі адал жас өрен» жобасы, қамқорлық акциясын ұйыымдастырды. Ауылдың қарияларына барып құттықтап, жалғызілікті қариялардың ауласындағы жұмыстарына қол ұшын тигізіп, көмектессе, бастауыш сынып мұғалімі Жұмабек Таншолпан «Қартттарым-асыл қазынам» атты меркелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға ауылдың ардагер қарияларын шақырылды, іс-шара мектеп директоры Мұса Е. құттықтау сөзімен басталды. Жиынымыз әрі қарай  1-9 сынып оқушыларының дайындаған мерекелік шашуына ұласты, оқушыларымыз ата-әжелерге арнап ән салып, би билеп, өлең арнап өз өнерлерін көрсетті. Жиын соңында қариялар оқушыларға бата беріп жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

                   

 

  1. 5 қазан –Ұстаздар мерекесі  аясында «Дублер күніне»  арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

 «Дублер күнін» өткізу туралы  бұйрығын шығарып, мектеп директорының  дублері лауазымына  кандидатура ұсынылып бастамашыл топ құрылып, жауаптылар  бекітілді. ДТІЖО Аюбекова Т.Т. оқушыларды дублер күнінің штаттық кестесімен таныстырды. Өзін-өзі басқару ұйымынан құрылған жауапты топ 1-7 сыныптар мен ұстаздарға сабақ берді. Аюбекова Т.Т. және тәлімгер ұйымдастырылуымен  «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік концерт өткізілді.  1-9 сынып жетекшілері «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымытүгел қамтылды.

  1. «Әнұран орындау» Республикалық челенджі(9 ай-9мейрам)

 

 

Мектебімізде 2-9 сынып аралығында тәлімгер әнұран орындау челенджі өткізілді

11. 25 қазан Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

            «Мектептің өзін-өзі басқаруы»  Мектеп парламентінің президентін сайланды. 2-9 сыныптарда«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында  сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 2-4 сыныптар арасында«Қазақстан еліне саяхат» 2-4 сынып оқушылары салған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. 5-9 сыныптар «Қазақстан-достық мекені» қабырға газет шығарды. Кітапханашы Баетова Н.Қ.оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  Отанымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға барлық 2-9 сынып қыздары  қамтылды

12.«Алтын күз» мерекесі.

 

 Алтын күз мерекесі жарыс түрінде өткізілді. Қатысқан сыныптар: 2-9 сынып. Әр сынып күз ханзадасы мен күз ханшайымын шығарып,өнерлерін көрсету керек болды. Жарыс таныстыру кезеңі, өз өнерін көрсету кезеңі, қол өнер кезеңі және сән үлгісін көрсету кезеңінен тұрды. Әр сынып жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Қол өнерлері тамаша болды. Сән үлгілері таңғажайып болды. Күз ханзадасы мен күз ханшайымы анықталып, марапатталды. Қатысқан оқушылар алхыс хатпен марапатталды. Өткізген: Малигова М

                                                      

 

 

13.«Күзгі қауіпсіздік ережесі» сынып сағаты, ата-аналар жиналысы.

 

Аюбекова Т.Т. ата-аналар жиналысында өз баяндамасын оқыды. Мектеп психологы ата-аналарды біріктіру мақсатында тренинг  өткізді. Сынып жетекшілер сынып бойынша күзгі қауіпсіздік ережесін түсіңдірді. 1 тоқсан бойынша қорытыңдысы баяндалды.

 

 

                « 15 қараша-ұлттық валюта күні »орай өткізілген іс-шаралар                                             

Мектепте3- 4 сыныпта «Ұлттық валюта күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  Сынып жетекшілерлі: Малигова М    Жұмабек Т

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті,рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық париотизм рухында тәрбиелеу, туған жерін, туған елін,халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

2 сыныпта «Теңге –тәуелсіздік келбеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Арыстанова Д

     Тәрбие сағаты барысында оқушылар ұлттық төл теңгеміздің тарихымен       

      танысып қажетті ақпараттар алды.

 Ұлттық валюта күніне орай өткізілген сынып сағаттары жақсы деңгейде өтті.

«Асық ату» Республикалық челенджі  9ай-9мейрем

Республикалық челенджте 5-9 сынып ұлдары «Асық ату» бойынша,4-9 сынып қыздары «Бес асық»бойынша белсенді қатысты.Бұл челендж таза бәсеке, таза тәрбие. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа – тәрбиелейді. Асык ойыны баланың жастайнан жүйке жүйелерін шыңдап, олард дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейлі.

Мектепшілік пәндер олимпиадасы

2023 жылғы 20 қараша мектептің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер республикалық оолимпиадасының ашылуы бооды.

Олимпиадының мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегіі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Мектепшілік пәндер олимпиадасыны қортынңдысы: оқушылар мадақтамамен марапатталады. Оқушылар дарындылығы мен қабілеттері анықталды.

«Қатыгездык пен зорлық-зомблықсыз балалық шак»науқаны

«Қатыгездык пен зорлық-зомблықсыз балалық шак»науқаны жоспар аясында 2 сынып «Мен эорлық зомбылыққа қарсымын »Тақырыбында тәрбие сағат өтті.

Өткізген : Арыстанова Д.А.

Мақсаты : Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қсиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқытармен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық- зомбылық адам ағзасына тіркелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

«Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты жою» Халықарлық күніне қатысты шара өтқізілді. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық –қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нормалардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдерің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылап мен қоғамдастық арасындығы байланысты әлсіретіп, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді.

Ұйымдастырушы: Алмаганбетова Г.Т.

            «Мен золык-зомбылыққа қарсымын »тақрыбында тренинг өткізілді. Өткізген педагог-психолог : Хиса Л.

Мақсаты :

-Білім алушылаға зорлық-зомбылық тұралы қысқаша ақпарат беру.

-Жаман әдеттерден бойлары аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

       «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»тақырынбында сайыс

            «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»тақырыбында 2-4 сынып арасында мәнерлеп оқу мен ән айту бойынша сайыс өтті.

Өткізген: Малигова М.

Мақсаты: Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру, қастерлеу білуге баулу. Сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Мәнерлеп оқу сайысынан Сатім Мейіржан орын алса, ән айтудан Байкенже Ақерке орын алды.

«Қазақстандағы Код сағатты» акциясы

    Мектепте 5-9 сынып арасында «Қазақстандағы Код сағаты» акциясы ұйымдастырылды.

Мақсаты:оқушыларға ақпараттывқ технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламауға қызығушылығын арттыру.

Оқушыларға бұл науқанға қатысу өте қызықты болды. Электронды сертификатпен марапатталды.

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай іс-шаралар

          Құмай негізгі орта мектебінде 3-4 сыныптарда «16 желтоқсан- тәуелздік күні» тақрыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты : Оқушыларға тәуелсіздік кезінде қиыншылықтарды түсіңдіру, еркіндікті аңсаған ұлт зияларына тоқталу.

Сынып жетекшілер: Малигова М., Жұмабек Т.

              Даярлық топ оқукшыларының 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай салған суреттері.

Тәуелсіздік, туған жер, атамекен, өскен орта сынды құндылықтарды шығырмашылық жұмыстарына арқау етіп, суреттерде бейнелеуге тырысып бақты. Тәуелсіздік күніне орай саоған оқушылардың  жұмыстарын тамашалай отырыңыздар.

          16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай 2 сыныпта  «Тәуелсіздік – таң нұры» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Арыстанова Д.

           Тәрбие сағатының мақсаты :  Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.

            Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан т өккен аға – апаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтайық.

«Қысқы қауіпсіздік ережесі» орай мектепте 1-9 сынып арасында сынып сағаттары өткізілді.

  ДТЖО: Аюбекова Т.Т.

Просмотров: 2966


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст