5 қыркүйек - ҚР халықтарының Тілдері күн

 5 қыркүйек  - ҚР  халықтарының Тілдері күні.  А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған  «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар

5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын.  Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

Директордың ТІЖ орынбасары: Аюбекова Т.Т.