"Тәуелсіздік - ата-бабам аңсағанн" ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған»

Мақсаты:

1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 27 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.

3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалардың портреттері, слайд

 Тәрбие барысы:

Мұғалім:  Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады.   «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған»  атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен  қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:

1. Кіріспе.

2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

3.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.

4. Қорытынды.

Мұғалім:  Еліміздің тәуелсіздік алуы -  халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.  Ендеше қазір мына видеоны қарайық.

Мұғалім: Оқушылар айтыңдаршы, бұл видеоны қарап не түсіндіңдер, қандай қорытынды шығардыңдар.

Видео қорытындысы:

Нұрбол: Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді

Тиана: Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. Олар бостандыққа тәуелсіздікке ұмтылды. Оларға «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таралып кетті.

Жанай: Оларды жұмыстан, оқуларынан шығарған, көбісін қамауға алған. Оларды ата-аналарымен бірге өз жерлерінен қудалаған

Мадина: «Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Енді қайтып келмесін

Сол бір суық ызғар болған күн.

Мұғалім: Көтерілістің себебі не болған екен?

Нұрбол: Ресейдің Колбин деген кісіні, Қазақ халқының 1 хатшысы етіп тағайындаған. Сол көтеліске түрткі болды.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, ал Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Ербол Сыпатаев, Кенжегуль Молданазарова, Сабира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, Ляззат Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

Ал біз осы аға-апаларымыз жайлы не білеміз?

Оқушылар:  тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар жайлы қысқаша мәліметтер айтады.

Мұғалім: Осындай көтерілістен кейін, біраз уақыт бұның барлығы құпия ұсталды. Қазақ халқын нашоқор, масқұнем деп айыптады. Бірақ шындық бәрібір ашылды. Осы көтерілістен кейін Көкшетау, Арқалық, Павлодар, Жезғазған, Талдықорған қалаларында митинктер болды. Ал 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым

Тәуелсіз Қазақстаным! –деп  Дамирдың орындауында «Мен қазақпын»деген әнің тыңдайық.

Мұғалім: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан –бұл азат ел, танысаңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар - деп 1991-2018 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті?  

Мұғалім: Кәнекей, қәнекей мынау жылдарды таңдап алып, қандай жетістіктерге жеттік, соны айтамыз.

 

1991ж. 29 тамызда

Семей полигоны жабылды.

1991ж. 2 қазанда

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. 1 желтоқсанда

Тұңғыш президентіміз сайланды.

1992ж. 4 маусымда

Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993ж.15 қарашада

Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.

1994ж.19 маусымда

Ядролық қаруды таратпау  туралы келісімге қол қойылды.

1995ж. 30 тамызда

Жаңа Конституцияның қабылдануы.

1998ж. мамырда

Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

2012ж.

Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті.

2012 ж.

Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.

2017 жылы

ЭКСПО өтті Дүниежүзілік көрме

 

Мұғалім: Міне тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, біздің еліміз көптеген жетістіктерге жеттік. Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

 Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы. 

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы

Мұғалім: Еліміз тыныш болсын. Бұдай жағдай ешқашан қайталанбасын. Бірлікте өмір сүрейік. Әрі қарай көп жетістіктерге жетіп. Қазақстан елімізді әлемге танытайық. Қош сауболңыздар!