"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кел, билейік!» Сыныптан тыс шара

Тақырыбы:«Кел, билейік!»

Мақсаты:

-оқушыларға бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету,би өнері салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы екенің, бидің денсаулыққа пайдалы екенің түсіңдіру, биге деген қабілеттерін, дарындылықтарын ашу;

- оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту, ішкі дүниесі мен сана сезімдерін арттыру;

-оқушыларды эстетикаға, этикаға, дене сымбаттылығына, сұлулыққа тәрбиелеу, би үйірмесіне қытыстырып, түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулу;

Формасы: жарыс

Көрнекіліктер: слайд, интербелсенді тақта, әуен, видео, суреттер

Мереке барысы:

Үйірме жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, құрметті  ұстаздар, қадірменді қонақтар,  оқушылар.  Осы апта би апталығы болды , би апталығында  би үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылармен бірге мына шараларды ұйымдастырдық, яғни  тәңертен  музыкамен бірге  жаттығулар орындадық, және ұзақ қонырауда әртүрлі көңілді билер биледік. Және де бүгін аптаның қорытындысы ретінде мерекелік іс-шара өткізіп жатырмыз.  Ендеше  «Кел, билейік!» атты жарысты сіздердің қолдауларымен  бастайық.

Жүргізуші: «Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда танымды» - деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын. Бүгін біздіңҚұмай негізгі мектебінің оқушылары сайысқа түсіп, өз өнерлерін сынамақшы.
Үйірме жетекшісі:Шақырушы, келіңдер жарысуға
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанекей кім шығады сайысуға – дей келе сайысқа түсетін топтарды ортаға шақырайық.

(Өлең қосылады, оқушылар ортаға шығады)
-Оқушыларды екі топқа бөлдік, тек қана ұлдардан құралған және тек қана қыздардан құралған топ. Топтар амандасамыз. Енді біз дайындықта шешіп алғанбыз. Қыздар тобы бірінші, екінші ұлдар тобы шығатын болды. Топ сендерге сәттілік!

Хормен: Рахмет!

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер табыспай,
Тәлім – тәрбие бола ма?- дей келе сайыстың кезеңдерің және номинацияларын таныстырып кетейік.

-Сайыс 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең: Топтың аты, топтың ұраны, топтың әні – талап топтың әні 1минут 30 секунттан кем және 2 минуттан аспауы керек.

2 кезең: Би өнері – әр топ өздерінің билерін көрсетеді. Талап қойылмайды.

3 кезең: Үйірме жетекшінің тапсырмасы – яғни кем дегенде 1 – 1 минут 30 секунттан тұратын әр топқа әуен қосалады, оны топтарға естірттеміз. Және мысалы: бірінші топқа аққу биін, екінші топқа тауық биі деп тапсырма беріледі.  5 минут  уақыт аралығында олар дайындалып, ортаға шығып сол биді көрсетеді.

Үйірме жетекшісі: Ал енді номинацияға келетін болсақ: Екі топ болғаннан кейін: 1,2 орын деген болмайды, тек қана  номинация болады.  «Ең үздік би тобы» номинацияны, бұл жарыста қай топ үздік болды, соған беріледі.Және екі мадақтама  «Ең  жақсы ұйымдастырылған топ», «Ең жауапкершілікті топ» оны мен өзім табыстаймын.

Жүргізуші:«Баға берер әділқазы ортамызда» - деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар:

Құмай негізгі мектебінің директоры: Альмагамбетова Светлана Сапаровна

Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмабек Таншолпан

Жас ұлан ұйымының жетекшісі: Бірлесхан Амангелді

Үйірме жетекшісі: Әділқазылар мынау мәлімет сіздерге:

1 кезең – ең төмеңгі ұпай 4, ең жоғарғы ұпай 6

2 кезең – ең төмеңгі ұпай 5 ұпай, ең жоғарғы 7 ұпай

3 кезең – ең төменгі ұпай 8 ұпай, ең жоғарғы ұпай 10

Үйірме жетекшісі:Кім білімді, өнерпаз білейікші, 
Оқушылар алғыр деп жүрейікші. 
Әділқазылар алқасына тек әділдікті, 
Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!  - дей келе сайысқа түскен оқушыларға қолдау ретінде, оларға сәттілік тілей отырып, даярлық сынып өздерінің «Айгөлек» әндерін орындамақ, қарсы алыңыздар

Жүргізуші:  Жасаңдар, құшып сенім-күн,

Құлпырған гүлдей құздағы,

Жұлдызы жанған жерімнің,

Жұлдыздай жанған қыздары! – дей келе тек қана қыздардан тұратын топты қарсы алыңыздар.

Топтың аты, топтың ұраны, топтың әні:  Кристылз: «Сен сұлу»

-«ЕКСИ» тобы жарайсыңдар! Әділқазылар ұпайларыңызды көрсетсеңіздер

Үйірме жетекшісі:Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі.

Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.

Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны – деп келесі тек қана ұлдардан тұратын топты қарсы алайық.

Топтың аты, топтың ұраны, топтың әні:  Ерболат Құдайбергенов: «Жігіттер»

-«Жігіттер» тобы, жарайсыңдар!Әділқазылар ұпайларыңызды көрсетсеңіздер

Үйірме жетекшісі: «Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал»-деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері. Ендеше екінші кезең би өнеріне кезек берейік.

Жүргізуші:Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған
Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған
Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған
Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман – дей келе «ЕКСИ» тобын ортаға шақырайық.

Топтың биі: «Poliseman»

-Жарайсыңдар, әділқазылар ұпайлары.

Үйірме жетекшісі: Жігіттер, жігіттер, 
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін, жер үшін, 
Намысты бермеңдер – деп «Жігіттер» тобын қарсы алыңыздар.

Топтың биі: «Толғау»

-Жарайсыңдар, әділқазылар ұпайлары.

Жүргізуші:Биді бишілер сөзсіз, тек дене қимылмен, бет-әлпетпен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы керек. Ендеше топтардың осындай қасиеттері мен дарындылықтарын тексеріп көрейік. Топтар ортаға шығамыз.

Үйірме жетекшісі: Ұлдар мына әуенді естиміз. Қыздар мына әуен сендерге.

Енді тапсырма: ұлдар тобы – әтеш биін, қыздар тобы – пингвин биін дайындаймыз.

5 минут уақыт беріледі. Дайыдалыңдар!

Жүргізуші:Сөз - құдірет,
патшасы өлең – сөздің,
Өлең - өнер, адамзат бас иетін - деп Айбол мен Елдостың орындауында «Айыптама мені» әнің қарсы алыңыздар.

 

Үйірме жетекшісі:Өнері жоқ ел болатын болсақ біз,
Жоқ болғаны өзімізде түгіміз.
Өнер деген — өлмейтін сөз, ұлы сөз,
Жасай берер, тек осыны біліңіз!– дей келе топтардың дайындаған тапсырмасын көрейік.

«ЕКСИ» тобы – пингвин биі

-Жарайсыңдар, әділқазылар ұпайлары!

«Жігіттер» тобы –  әтеш биі

-Жарайсыңдар, әділқазылар ұпайлары!

Үйірме жетекшісі: Ал, енді әділқазылар ортақ ұпайды шығарғанша, қыздардың флешмобын көрейік.

«Балауса» би үйірмесінің қыздары:  «Флешмоб» биі

Үйірме жетекшісі:Ал енді жарысымыз аяқталды, екі топ ортаға шығыңыздар, сөзді біздің құрметті әділқазыларға береміз.

-Оқушылар осы би апталығына 2 ай дайындалдық, дайындыққа шақырғанда келіп, дайындалдыңдар. Ең бастысы апай айтты, апай мынаны биле деді емес, сендер топ болып, қызығып, ұйымдастырып, жүректерінмен дайындалдыңдар. Мен соған қатты қуандым. Сендерге көп-көп рахмет.

Өмір таны, өнер қу, өнер сүйсең жиренбе,
Өнер табу - ол да оқу, дамыта бер, үйрен де!
Талаптансаң тартынба, «Өнер алды кең»,- деп біл,
Өз күшіңе жол табу! Қалсын үлгі кейінге.

Жүргізуші:Өнер деген аспан да емес, жер де емес,
Өнер деген еңбектен де кем де емес
Өнер деген жасай берер мәңгілік,
Өнер деген ештеңеге тең келмес!

Үйірме жетекшісі:Жалпы алғанда өнер деген қызықты іс,
Қасиетті, құдіретті ұлы күш – деп бүгінгі мерекелік іс-шараны аяқтаймыз. Келіп, көріп, қолдағандарыңызға көп-көп рахмет.Жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!Қош сауболыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 20.05.2020 21:17
Құрылған күні: 20.05.2020 21:17

Текст