"Мақтану – мақтаншақтық емес" ашық сабақ Өзін-өзі тану 2 сынып
Тақырыбы: Мақтану – мақтаншақтық емес
Құндылық: өзіңді - өзің алдамау, мақтанбау,шыдамдылық,байсалдылық.
Мұғалiм: Хусман М. Ерлан Б. Сынып: 2-4 Оқушылар саны: 9
|
Мақсаты: Балалардың мақтан тұту,мақтаншақ болмау, кішіпейіл,қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейте отырып,өмірде жақсылық жасауға үйрету және ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Мақтаншақтық-жағымсыз қылық,ал мақтан тұту-жақсы әдеттерді үйрену; - Жағымды,жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту; - Жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ; |
Ресурстар: ( материалдар, дереккөздер) Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, ертегі, ақ парақтар, түрлі – түсті қаламдар, оқулық, дәптер |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізелеріне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.... -Рахмет. (Мен жылулық сездім),(мен гүлдің баяу ашылып жатқанын ), (Мен нұр сәулесін аяғыма таралғанын сездім), мен Қолыммен жылулықты сездім),Ал мен жақсы сөздерді,тіліктер айтығым келді. -Ендеше бәріміз хормен: -Мен тек жақсы сөздерді айтамын, -Мен тек жақсыны көремін, 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Адами құндылықтар» тақырыбында үй жұмысына жаттауға берілген тақпақтарды жатқа сұрау. |
|
|
3.Сабақтың дәйексөзі. «Мақтаншақ кісі – менмен кісі, Менмендік – адамның міні». Ж. Аймауытов Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды. Барлығы хормен оқиды. Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірі тыңдау арқылы түйіндеймін. Адам өз еңбегінің жемісін көргенде мақтаныш сезіміне бөленеді. Адамның мақтаншақтық сияқты жағымсыз қасиеті өзімшілдік, менмендіктен туындайды. |
|
|
4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Ертегіні көру «Мақтаншақ қыз» 1. Мақтаншақ қыздың іс-әрекеті мақтануға жата ма,мақтаншақтыққа жата ма?Неліктен?(мақтаншақтыққа,себебі ол өзін жоғары ұстады,өзін басқалардан артық санады,білмейтін істі білемін деді,өтірік айтты,өрмекші алып кете жаздады,өз басынан айыра жаздады .) 2. Мақтаншақ қыз қандай қиындықтарға тап болды? көп қиналды,ыңғайсыз жағдайларға душар болды,өтірік айтқызады,бар күшін,ақылын босқа жұмсатады -Қандай қорытынды шығаруға болады? -Мақтаншақтық ұятқа қалдырып , ыңғайсыз жағдайларға душар етеді , өтірік айтқызады, бар күшін , ақылын босқа жұмсатады. Мақтаншақ өзін басқалардан артық санайды. Ондай адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады.Сондықтан да үлгі болар іспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек. |
|
|
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Жағдаяттарды сахналау, әр топ жағдаяттардың шешімін тауып, дәлелдейді. Оқушылардың мақтану мен мақтаншақтықты ажырата білетіндерін байқау мақсатында ұйымдастырылады. I-топ. «Үстелде қалың көк қағазбен қапталып, тысына әдемілеп жазылған сынып журналын көрген мұғалім: «Енді журнал тозбайтын, кірлемейтін болды. Мұны жасаған адамға көп-көп рахмет!» - дегені сол еді... . II-топ. «Жадыра республикалық біріншілікке қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды. Ертеңіне сыныпқа кіре салып, «Мен бірінші орын алдым», - деп айқалады... . Әр топ сахналап, жағдаятты талдап көрсетеді. Үшінші жағдаятты екі топ бірігіп сахналап, жағдаятты талдайды. «Кім тапқыр» ойыны. (Мақал-мәтелді жалғастырады)
|
|
|
Топпен ән айту. Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атамекен қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. Мақтаншақтық туралы бір әңгіме оқып келу |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. - Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады. |
|
I-топ. «Үстелде қалың көк қағазбен қапталып, тысына әдемілеп жазылған сынып журналын көрген мұғалім: «Енді журнал тозбайтын, кірлемейтін болды. Мұны жасаған адамға көп-көп рахмет!» - дегені сол еді... .
II-топ. «Жадыра республикалық біріншілікке қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды. Ертеңіне сыныпқа кіре салып, «Мен бірінші орын алдым», - деп айқалады... .