"Күшті қалай өлшейміз?" ашық сабақ Жаратылыстану 2-сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі

5 Табиғат физикасы

Бөлімше

5.1 Күш және қозғалыс

Мектеп: Құмай негізгі мектебі

Күні: 

Сынып:2

Мұғалімнің аты-жөні:

Ерлан Бахитгул

 

Қатысқандар саны: 4

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күшті қалай өлшейміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.​5.​1.​1 түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру;

2.​5.​1.​3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің жетелеуші сұрақтарымен және бақылау арқылы түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуын анықтайды

Көптеген оқушылар: Қозғалысқа не келтіретінін түсіндіреді, адам және тірі ағзалардың өміріндегі қозғалыс маңыздылығын айқындайды, мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар: Тәжірбие жасау арқылы түрлі денелердің қозғалысқа не әсер ететінін зерттейді, дәлел келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Жылдамдығы әр түрлі денелерге мысал келтіреді.
  • Қозғалыс тудыратын күштерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жылдамдықтары түрлі денелерге мысал келтіреді, салыстыра отырып, сипаттайды; суретте бейнеленген қимыл-қозғалысты сипатап айтады

Пәнге тән лексикалар мен терминология: Күш, қозғалыс, жылдамдық, жылдам, баяу, итеру, тарту, тоқтау, баяулату, масса, өлшеу құралы

Үш тілде: күш- сила- force

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:

Дененің қозғалуына не себеп болады?

Мен денені қалай жылдамдата баяулата аламын?

Неліктен кейбір нысандар жылдам немесе баяу қозғалады?

Құндылықтарды дарыту

 

 

 

Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында бір – бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға, пікір алмаса білуге үйренеді. Зерттеу жұмыстарын жасай отырып еңбек пен шығармашылыққа бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу.

Оқушылар ертегінің түрлері жөнінде алған білімдерін және де Шалқан ертегісін және кейіпкерлерін еске түсіреді.

АКТ қолдану дағдысы

Сабақ барысында оқушылар берілген суреттен қозғалу жылдамдығына байланысты нөмірлейді және тез, жай жүретін жануарлардың атауын кестеге жаза отырып, Active Studio бағдарламасымен жұмыстанады.

Бастапқы білім

Оқушылар «қозғалыс» ұғымын түсіндіреді, түрлі денелердің қозғалыстарын мысалға келтіреді. Олар қозғалыстың табиғаттағы, адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді, қозғалыс траекториясын бейнелейді.

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

 

Топқа бөлу: «Жұбыңды тап» әдісі.

 

(Ұ,С)Өткенді пысықтау сұрақтары «Конверттегі сұрақтар» әдісі

Жәй сұрақтар

-Жылдамдық дегеніміз не?

-Жер бетіндегі ең жылдам жүгіретін аң?

Қозғалатын денелердің бәрінің жылдамдығы бірдей болуы мүмкін бе?

-Қозғалмайтын дененің жылдамдығы қанша болады?

-Күрделі сұрақтар

(Ұ)Кіріспе тапсырма

-Қалай ойлайсыңдар мықты адамның бойында не болады?

-Ендеше, сендерге тапсырма көршілеріңізбен күш сынасып көріңіздер.

-Осы процесс барысында сендер не жұмсадыңдар?

-Біздің бүгінгі сабағымыз күш ұғымына арналмақшы.

-Сабақты бастамас бұрын әдебиеттік оқудан алған білімдерімізге сүйене отырып ертегінің түрлерін атайықшы. Шалқан ертегісі қай ертегінің түріне жатады?

-Ертегі желісі бойынша шалқанды жұлуға бірнеше адамның күші қажет болды. Біз де оларға көмектесейік. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конверт, үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар.

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

(Ұ)Суретке назар аударыңыздар.

  • Адамдар мен жануарлар заттарға немесе нысандарға қалай әсер ете алады? (Итереді және тартады.)
  •  
  • Суретте заттарды кім итеріп жатыр?
  • Кім тартып жатыр?

Иттің қожайыны оның әсерінен нені өзгертті? (Қозғалыс бағытын.)

«5 жоғалған нүктелер» әдісі

Оқулықпен жұмыс.

Затты немесе нысанды тартқанда не итергенде адам оған күшжұмсайды.

Ал оның жылдамдығын өзгерту керек болса, қатты

немесе жай тарту не итеру қажет.

 

«Аудармашы» әдісі

күш- сила- force

 

(МТ)

-Балалар, «Шалқан»ертегісін кейіпкерлерін еске түсірейікші, қандай кейіпкерлер бар еді?

-Ендеше сол кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық.

 

 

(Ж) Тапсырма. Атаның тапсырмасы. «Жасап көр» әдісі.

Суретке мұқият қара. Қораптарды орнынан қозғалту үшін балалар қандай әрекеттер жасады?

 

1-бала: қорапты ____________________________

2-бала: қорапты ____________________________

 

Cыныптағы жекелеген заттарды (кітап, сөмке,парта т.б.) орнынан қозғалтып көр. Қандай әрекеттер жасадың? Кез келген денені қозғалысқа келтіру үшін қандай күштер жұмсалады?

Дескриптор

- бірінші денені қозғалту үшін жасалған әрекетті анықтайды;

- екінші денені қозғалту үшін жасалған әрекетті анықтайды;

- денені қозғалысқа түсіретін күштерді атайды.

ҚБ: Жұптар өзара бірін – бірі бағалайды.

 

Сергіту сәті

(Т) Арқан тартыс ойынын ойнату. (оқушыларды екі топқа бөліп арқан тартыс ойынын ойнату)

(Ұ) Зертте. Әженің тапсырмасы. «Еркін талқылау» әдісі.

Зерттеу жұмысын жүргізу бойынша нұсқаулық

Допты үстел үстімен баяу домалату.

• Үстел ортасына жеткенде, допты басқа бағытқа қолмен итеріп жіберу.

• Қозғалыстың қалай өзгергенін бақылау.

• Допты қарама-қарсы бағытқа қолмен итеріп жіберу.

• Қозғалыстың қалай өзгергенін бақылау.

 

(Т) Зертте. 2 Дәптермен жұмыс. Немеренің тапсырмасы. «Ең зейінді» әдісі.

• Үстелдің үстіне сызғышты қою, оны бір шетінен итеру.

• Сызғыштың қалай қозғалатынын бақылау.

• Үстелдің үстіне сызғышты қою, оны орта шенінен итеру.

• Сызғыштың қалай қозғалатынын бақылау. Траекторияларды дәптеріне сызу. Салыстыру.

Дескриптор:

-топ ережесін сақтайды;

-уақытқа жұмыстанады;

-траекторяны анықтайды.

ҚБ: Дескриптор арқылы

 

САРАЛАУ. Иттің тапсырмасы. «STUDY» әдісі

(Т) 1-топ Оқушыларға бірнеше адамның күшін біріктіру қажет болған сәттер туралы өмірден мысалдар келтіру, суретін салу.

2-топ Оқушылар берілген суреттердегі күштің заттарға қалай әсер ететінін анықтау.

 

3-топ Зерттеу жүргізу арқылы күштің әсерін анықтау.

 

Дескриптор:

-бірнеше адамның күшін біріктіру қажет болған сәттен мысал келтіреді;

-суреттерді пайдалана отырып заттарға түскен сыртқы күштің әсерін анықтайды

-зерттеу жүргізу арқылы кшьің әсерін анықтайды.

ҚБ: Гантельдердің суреті арқылы бағалау.

 

(Ө) Суретке қара. Қай көлік жылдам қозғалады? Нөмірле.

АКТ дағдысы қолданылады. Мысықтың тапсырмасы.

«Кім жылдам» әдісі.

 

 

 

(С) Диалог және қолдау көрсету тәсілі

Жеке оқушыларға сұрақтар қою:

-Қандай жануарларды білесің?

-Ол жануар осы топтың қайсысына жатады?

 

Тышқанның тапсырмасы.

  • Жылдамдық деген не?
  • Жануарлардың жылдамдығы туралы не айтасың? Олардың барлығы бірдей жылдамдықпен қозғала ма? Мысал келтір. Жануарлардың суретін сал немесе атауын жаз.

 

Жылдамдығы жоғары

Жылдамдығы төмен

   
 

Дескриптор

- жылдамдығы бойынша көліктердің ретін анықтайды;

- жылдамдық ұғымына түсінік береді;

- әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын жануарларға мысал келтіреді.

ҚБ: Өзін – өзі бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық,     жаратылыстану   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдар, бағалау таяқшалары.

 

 

ҚБ жаратылыстану пәні 2 сынып, 59 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқан, интернет дерек көздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызғыш, дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ватман, қарындаштар, доп, шар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Гантельдердің    суреті

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдар, АКТ

ҚБ жаратылыстану пәні 2 сынып, 57бет

 

Сабақтың соңы


 

(Ұ) Кері байланыс. «Ақиқат» және «Жалған» әдісі

«Заттар қалай қозғалады» ойыны

-Доп домалайды, су секіреді,

Көлік тайғанайды, тас серпіледі,

Құс ұшады,шана сырғанайды

Балық жүзеді, шөп жүреді.

Рефлексия: «Стикердегі диалог» әдісі. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді мына көлік түрлері арқылы бағалай қойыңызда.

 Маған бәрі түсінікті болды, себебі...

 Маған кейбір тапсырмалар қиындық туғызды, себебі....

 Маған қиын болды, себеі...

 

 

Үй тапсырмасы: Жануарлар энциклопедиядан ең күшті жануарлар туралы мәлімет әкелу.


 


 

 

 

Стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

Жануарлар энциклопедиясы