2022-2023 оқу жылындағы кітапхананың «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жылдық есебі.
Оқу жылының басында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітапты өзің оқы және кітапханаға сыйға тарт» атты республикалық акция аясында біздің мектепте де іске асты. Акцияға мектеп оқушылары түгелдей қатысты. Акцияның мақсаты, оқушыларды кітап оқуға тарту және сонымен қатар мектеп кітапханасының қорына үлес қосу. Аталған жоба аясында өткен облыстық «Әдебиет ҚаҺармандарының шеруіне» біздің мектеп оқушысы Сәтім Айару да қатысты. 4-сынып оқушысы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінен Ләйлә қыздың образын сомдап шағын видео-ролик түсірдік. Айару өз қабілетін барынша көрсете білді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» тақырыбымен 8-9 сыныптар арасында поязия кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларының бойына махаббатқа сену, махаббатсыз дүние бос екеніне кәміл сендіру,өлең оқуға құштарлығын арттыру, ақынның өмірі мен шығармасымен таныстыру. Кеште үлгі ретінде «Ғашықтық ғаламаты» поэмасы өз орындауыммен жатқа оқылды, оқушылармен бірге талданды. Кеш соңында балалар өздері жаттап келген өлеңдерін оқып, сый-сияпаттарын алды. Осы поэзия кеші бастауыш сыныптар арасында да өз орнын тапты. «Аппақ әлем, аппақ өлең» атты қыс тақырыбындағы өлең жолдарын жатқа айту сайысы өтті. Мақсаты: өлеңге құштарлықтарын ояту, мәнерлеп оқи білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сайыс соңында оқушыларға тәттілер таратылды. Кеш өз мәресіне жете білді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепте «Буккросинг» ұйымдастырылды. Мақсаты: айналаңды кітапханаға айналдыр. Буккросингтің мағынасын апталық сап түзеуде түсіндіріп, көрнекі түрінде көрсетіп өттім. Оқушылар кітапқа құмарлықтың, кітап оқудың өте қызықты тәсілі екенін өздеріне ұнағанын айтты.
Кітапханашы: Баетова Н.Қ.