"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы 2023-2024 оқу жылы

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ

Тәрбие жұмысының 1 тоқсан бойынша талдау есебі

2023-2024 оқу жылы

 

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие  жұмысының жылдық жоспары «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша жасалған.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

 

2023-2024 оқу жылына арналған жоспарда тәрбие саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Онда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, облыстық білім департаменті, аудандық білім бөлімінің нұсқаулары, еңбек заңдылықтары мен нормативтік құқықтық актілері, мектеп ережесі мен жарғысы басшылыққа алынды.  Жыл басында тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.  Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары, суицидтың алдын-алу жұмыстары мен ертежүктіліктің алдын-алу шаралары кенінен жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен «Мектепке жол» акция аясында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді.

  1. 1қыркүйек–білім күні.  Салтанатты жиын және «Мектеп – мейірім мекені» сынып сағаттары.

 «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған мектепте  «Алғашқы қонырау!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Биылғы оқу жылында санитарлық талаптарға сай, 1-сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады. Мерекелік салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынымыз Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Мектеп директоры Мұса Еркегүл құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, жиын қонақтарымен бірге 1 сынып оқушыларына Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлының тұңғыш «Әліппе» оқулығын тапсырды. Директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары мектеп оқушыларын, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. 2-9 сыныптарда «Мектеп – мейірім мекені» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

 

  1.  5 қыркүйек  - ҚР  халықтарының Тілдері күні.  А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған  «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар

5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын.  Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

 

  1. «Сергіту сәті» Республикалық челленджі. (9 ай-9мейрам)

Мектебімізде 1-9 сынып аралығында дене шынықтыру пәні мұғалімі Мустафин Е.Т. ұйымдастыруымен өткен сергіту сәті.

 

  1. «Отбасы-бақыт мекені» Отбасы күніне арналған іс-шаралар

Іс-шара барысында 1-4 сынып жетекшілері  «Отбасы  - бақыт мекені» тақырыбында сынып  сағатын өткізді.   Оқушылар арасында фотоколладж көрмесі өткізлді. 5-9 сынып арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  5-9 сынып аралығында «Мен бақытты жанұяның баласымын» тақырыбында ЭССЕ жазылды.  Іс-шараға барлық 1-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қамтылды.

 

  1. Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл.

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар буклеттер жасады. Ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаянымен, атқарылған жұмыстармен танысты. Өткізген: : Баетова Н.Қ.

  1. Салауатты өмір салтын насихаттау «Мектеп спорты апталығы»  «Спорт ойындары күні» спорттық акция.

 Оқушылар арасында спорт ойындары, жарыс ұйымдастырылды. Спорт пайдасы туралы қабырға газеттері жасалынды. Өткізген: Мустафин Е.Т.

 

  1. «Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясы (кибербуллингтен қорғау, зорлық-зомбылықтың, жарақаттардың алдын алу)

Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды:   1-4 сынып жетекшілері  «Қылмыссыз балалық шақ»,  5-9 сынып жетекшілері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыптарында сынып сағаттанын өткізді. Мектеп психологы оқушылардан сауалнама алды.

 

  1. Қарттар күніне арналған іс-шаралар («Еңбегі адал жас өрен» жобасы, қамқорлық акциясы) Мерекелік кеш, қамқорлық акциясы

 

Іс-шара барысында Жас Ұлан Ұйымының аға Тәлімгері («Еңбегі адал жас өрен» жобасы, қамқорлық акциясын ұйыымдастырды. Ауылдың қарияларына барып құттықтап, жалғызілікті қариялардың ауласындағы жұмыстарына қол ұшын тигізіп, көмектессе, бастауыш сынып мұғалімі Жұмабек Таншолпан «Қартттарым-асыл қазынам» атты меркелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға ауылдың ардагер қарияларын шақырылды, іс-шара мектеп директоры Мұса Е. құттықтау сөзімен басталды. Жиынымыз әрі қарай  1-9 сынып оқушыларының дайындаған мерекелік шашуына ұласты, оқушыларымыз ата-әжелерге арнап ән салып, би билеп, өлең арнап өз өнерлерін көрсетті. Жиын соңында қариялар оқушыларға бата беріп жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

 

  1. 5 қазан –Ұстаздар мерекесі  аясында «Дублер күніне»  арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

 «Дублер күнін» өткізу туралы  бұйрығын шығарып, мектеп директорының  дублері лауазымына  кандидатура ұсынылып бастамашыл топ құрылып, жауаптылар  бекітілді. ДТІЖО Аюбекова Т.Т. оқушыларды дублер күнінің штаттық кестесімен таныстырды. Өзін-өзі басқару ұйымынан құрылған жауапты топ 1-7 сыныптар мен ұстаздарға сабақ берді. Аюбекова Т.Т. және тәлімгер ұйымдастырылуымен  «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік концерт өткізілді.  1-9 сынып жетекшілері «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымытүгел қамтылды.

  1. «Әнұран орындау» Республикалық челенджі(9 ай-9мейрам)

 

Мектебімізде 1-9 сынып аралығында тәлімгер әнұран орындау челенджі өткізілді.

  1.  25 қазан Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.

            «Мектептің өзін-өзі басқаруы»  Мектеп парламентінің президентін сайланды. 1-9 сыныптарда«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында  сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 1-4 сыныптар арасында«Қазақстан еліне саяхат» 1-4 сынып оқушылары салған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. 5-9 сыныптар «Қазақстан-достық мекені» қабырға газет шығарды. Кітапханашы Баетова Н.Қ.оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында«Қазақстан ортақ - Отанымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға барлық 1-9 сынып қыздары  қамтылды.

  1. «Алтын күз» мерекесі.

 Алтын күз мерекесі жарыс түрінде өткізілді. Қатысқан сыныптар: 1-9 сынып. Әр сынып күз ханзадасы мен күз ханшайымын шығарып, өнерлерін көрсету керек болды. Жарыс таныстыру кезеңі, өз өнерін көрсету кезеңі, қол өнер кезеңі және сән үлгісін көрсету кезеңінен тұрды. Әр сынып жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Қол өнерлері тамаша болды. Сән үлгілері таңғажайып болды. Күз ханзадасы мен күз ханшайымы анықталып, марапатталды. Қатысқан оқушылар алхыс хатпен марапатталды. Өткізген: Малигова М.

 

  1. «Күзгі қауіпсіздік ережесі» сынып сағаты, ата-аналар жиналысы.

Аюбекова Т.Т. ата-аналар жиналысында өз баяндамасын оқыды. Мектеп психологы ата-аналарды біріктіру мақсатында тренинг  өткізді. Сынып жетекшілер сынып бойынша күзгі қауіпсіздік ережесін түсіңдірді. 1 тоқсан бойынша қорытыңдысы баяндалды.

Жаңартылған күні: 07.12.2023 15:18
Құрылған күні: 30.11.2023 16:26

Текст