"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ Мектепішілік бақылау оқу жоспары бойынша І жарты жылдықтың талдау есебі 2023-2024 оқу жылы

24.01.2024

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі»  КММ

Мектепішілік бақылау оқу жоспары бойынша І жарты жылдықтың  талдау есебі

2023-2024 оқу жылы

  1. Қазан айының 02-06 аралығы бастауыш сынып оқушыларының арасында «Кел, балалар оқылық!» оқу техникасы алынды. Өте жақсы оқыған оқушылар 3 сыныптан Сатім Мейіржан-108 сөз, Сәмкен Абай-80 сөз,  4 сыныптан Байкенже Ақерке, Додай Назерке, Таңат Іңкәр-120 сөзден артық оқыды.  2 сынып мұғалімі Арыстанова Д.А-ға балалармен оқу жұмысымен көбірек жұмыс жасау керектігі ескерілді. Жауапты: Малигова М
  2. Қазан айының 09-13 күндері 11.10.2023 күні оқушылар арасында «Үздік каллиграф» іс-шарасы өтті.

Мақсаты: Оқушыларды сауатты, таза, көркем жазуға үйрете отырып, ой өрісін дамыту.

3 сыныптың сынып жетекшісі Жұмабек Таңшолпанды және 4 сынып сынып жетекшісі Малигова Мейрамгулді мақтап кетуге болады. Сыныптың 70-80 пайызы диктантты сауатты және көркем жазды.

  1. Мектебімізде қызмет атқаратын педагогтер 10.10.23 күні «Буллинг-себептері, формалары, алдын алу» біліктіліктілікті арттыру курсынан өтті. 14.10.23 күні 9 педагог сертификаттарын алды. Жауапты: Малигова М.

 

 

  1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадаға бастауыш сынып мұғалімдері арасынан Малигова М, Жұмабек Т.Ж  қатысып, сертификаттар алды.
  2. Қараша айының 14-24 аралығында, мектепшілік пәндер олимпиадасы өтті. Жауапты: Малигова М.

 

Олимпиада жеңімпаздары аудандық кезеңге іріктелді. 2023-2024 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегері 9 сынып оқушысы Едилбаева Тиана қазақ тілі пәнінен ІІ-орынға ие болды. Жетекшісі- Алмаганбетова Г.Т.

 

 

  1. 2023-2024 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларына арналған Ауыл.дарын.кз олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегері 9 сынып оқушысы- Есламбек Махаббат орыс тілі пәнінен І-орынға ие болды. Жетекшісі-Альмагамбетова С.С
  2. Бастауыш сынып апталығы 04.12.23-08.12.23 күндері өтті.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баулу.

Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақ, ойын сабақ, әртүрлі жарыстар өткізді. Жауапты бастауыш сынып мұғалімдері.

 

 

  1. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» мектепшілік Абай оқулары байқауы өтті. Бұл байқаудың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»  номинациясы бойынша 3 сынып оқушысы Сатім Мейіржан мектепшіліктен І-орынды жеңіп алса, «Көңілім әнді ұғады» номинациясының жеңімпазы 4 сынып оқушысы- Байкенже Ақерке аудандық кезеңге өтті. Аудандық кезеңнен Сатім Мейіржан 3 сынып оқушысы І-орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі- Жұмабаек Т.Ж. Байкенже Ақерке 4 сынып оқушысы-3 орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі- Малигова Мейрамгул.

 

 

 

  1. Желтоқсан айында «Жастар дауысы-2023» аудандық ән байқауына 4 сыныптың оқушылары қатысты. Додай Назерке белсенді қатысқаны үшін грамота алса, Байкенже Ақерке ІІ-орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі- Малигова М

 

  1.  «Мен және менің болашақ мамандығым»  бойынша ашық тәрбие сағаты өтті. Қатысқан оқушылар 8-9 сынып оқушылары. Өткізгендер: Малигова М.және Амантай Қ.Қ

 

 

 

Директордың ОТЖО: Малигова М.

Просмотров: 1748


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст