"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ 2022 жылы қыркүйек 05-16 аралығында«Қазақстан тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ 2022-2023 оқу жылы

27.12.2022

«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ

2022 жылы қыркүйек 05-16 аралығында«Қазақстан тілдер күні» мерекесіне орай  өткізілген  өткізілген  іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

2022-2023 оқу жылы

5-16 қырқүйек аралығында жоспар құрылып хабарландыру  ілінді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай қабырға газеттері ілініп таныстырылды. 

Негізгі іс- шараның мақсаты : -Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми  еңбектері туралы мағлұмат беру;

-Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;

-Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныстыру;

-Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

-Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Іс-шара барысында келесі жұмыстар атқарылды:

  1. Қазақстан халқы тілдер күні мерекесінің ашылуы болды. Іс шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты қысқаша түсінік берілді.
  2. А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гид. Кітапханашы Н.Баетова көрме ұйымдастырып оқушыларға ақынның шығармалары мен кітаптары туралы айтып, сұрақ –жауап алынды.

 

  1. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде  9-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Тілімізге  деген көзқарас – елімізге  деген  көзқарас»   атты    шығармалар сайысы болды. Оқушылар жазған шығармаларын оқыды, жақсы жазған оқушыларға кері байланыс берілді.
  2. Мектеп оқушыларының арасында өтетін «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы. Бұған жауапты бастауыш мұғалімі Аюбекова Т. болды. Оқушыларға өлең жаттатып көркем сөз оқуға, жатау қабілеттерін арттыру мақсатында өткізді. Жеңген оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

Қорытынды: Тілдер күніне орай өткізілген іс-шара өте жоғары, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

 

Директордың ТІЖ орынбасары:                       Мұса Е.

 

 

 

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст