«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асыру бойынша тоқсанның талдау есебі
2025-2026 оқу жылы
«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмысының жылдық жоспары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша жасалған.
Мақсаты адал, еңбекқор,елжанды азаматтар тәрбиелеу.
Тәрбие жүйесі жалпыұлтық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады..
«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған мектепте «Алғашқы қонырау!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Биылғы оқу жылында санитарлық талаптарға сай, 1-сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады. Мерекелік салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынымыз Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Мектеп директоры Мұса Еркегүл құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Директордың оқу жөніндегі орынбасарлары Малигова М. мектеп оқушыларын, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап «Әліппе» оқулығын 1 сынып білдіршіндеріне табыстады. Жиында өнерлі білдіршіндеріміз ән айтып,билеп,өнерлерімен қуантты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушылары Таңат М. Мираш М. 9 сынып оқушылары Байгенжин А.Алмагамбетов Ә.берілді. Салтанатты жиын соңында 1-9 сынып білім алушылары «Мектеп – мейірім мекені» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.
«5қыркүйек-Қазақсанхалқы тілдері күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара.
Мектепте Қазақсан халқының тілер күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты-мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, көпұлтты еліміздегі түрлі тілдер мен мәдениеттердің бірлігін насихаттау болды. «Тіл достықтың дәнекері» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оқушылар қазақ,орыс.ағылшын тілдерінде тақпақтар айтты. Тіл туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сайысы өтті. Іс-шараға мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар мемлекттік тілге құрметпен қараудың маңыздылығын ұғынды. Қартынды іс-шара өз мақсатына жетті. Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігі артып,көп тілділік құндылығын насихатталды. Ұйымдастырушы Қазақ тілі мен Әдебиет пән мұғалімі: Алмаганбетова Г.Т
«Буллингке жол берме» тақырыьында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың физикалық және психолоиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аудару. Іс-шара балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етуге, сондай-ақ оларды достыққа, өзара түсіністікке және бір-біріне қолдау көрсетуге ынталандыруға бағытталған. Сынып жетекші кіріспе сөз сөйлеп, буллинг туралы түсінік берді. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, «Достық ойын арқылы бір-бірін қолдаудың маңызын көрсетті. көрініс пен бейнежазба көрсетіліп, талқылау жүзгізілді. Соңында оқушылар «Буллингке жол жоқ атты ортақ үндеу жасады. Қорытынды іс-шара барысында оқушылардың бір-біріне қомқор болу, сыйластық таныту түсініктері кеңейді. 7 -8 сынып жетекшісі: Алмаганбетова Г.Т
Қазақсанда қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні»Тақырыбы: «Бақытты отбасы» атты танымдық ойын өтті.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа,жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
2-9 сыныптарда тақырыбы: « Менің отбасым» атты сынып сағат өтті. Сынып сағаттарында оқушылар: отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты. Өлеңдер оқып, Менің отбасым -менің мақтанышым тақырыбында сурет салып, шағын әңгіме жазды. Оқушылар белсенді қатысып, өз отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Ұйымдастырылған «Бақытты отбасы» атты танымдық ойында оқушылар үш топқа бөлініп жарысты. Ойын шарты допты домалатып, нысандағы кеглиден айналып қайту. Шарларды аяқтың арасына қысып алып, кері қайту, секіртпемен секіре отырып аяқты ауыстыра тұрып жүгіру. Іс-шара оқушыларға қызықты деңгейде өтті. Ұйымдастырушы: ДТІЖОрындасыр Аюбекова Т.Т
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы. «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тәрбие сағаты өтккізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауатылығын арттыру, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау.
Сынып сағаттарында қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпарат берілді. Қауіпсіз қоғам болашақтың кепілі атты сурет салды. Нәтижесінде оқушылардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілік сезімі нығайды, өз құқықтары мен міндеттерін білуге деген қызығушылық артты. Сынып жетекшісі Аюбекова Т.Т
«Балалар кітапханасы» Адал азамат жобасы бойынша арнайы іс-шара.
Тақырыбы: «Абай-ұлы даланың ұлы ойшылы»
10 қыркүйек айында «Адал азамат» жобасы аясында балаларға адалдық, әділдік, адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті. Көрмеге ақының өлеңдер жинақьары,қара сөздері,зерттеу еңбектері және балаларға арналған түрлі басылымдар қойылды.Қорытынды: «Адал азамат» жобасы аясындағы бұл кітап көрмесі балалардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып,рухани дүниесін байытуға ықпал етті. Мектеп кітапханашы: Баетова Н.Қ
2025-2026 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес.
2025 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де барлық жалпы білім беру ұйымдарында бірінші сынып оқушыларын қабылдауға арналған «Тілашар» атты салтанатты іс-шара өткізілды. Іс-шараның мақсаты бірінші сынып оқушылары үшін мерекелік атмосфера қалыптастыру, олардың мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасау,балалардың бойында мектеп қауымдастығына деген сезімін дамыту. Салтанат жиын барысында мектеп басшылары мен ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға шығармашылық өнерлер ұсынылды. Оқушыларға мектеп өмірінің, дәстүрлері таныстырылып, достық пен ынтымақтастыққа шақыратын ұрандар айтылды. Қортынды: «Тілашар» салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Соңында 1 сынып оқушыларына тәтті сыйлықтар табысталды. Сынып жетекшісі: Жұмабек Т
НАО ННПИБД «Өркен» «Менің мектебім-буллингке қарсы» атты Флешмрб
19.09.2025ж НАО ННПИБД «Өркен» бастамасымен «Менің мектебім-буллингеке қарсы» атты флешмоб өткізі лді. Іс-шараның мақсаты-оқушылар арасында достық,өзара сыйластық, бір-біріне қолдау керсету мәдениетін қалыптастыру,мектеп ішінде буллингке жол бермеу, оқушыларды адамкершілікке тәрбиелеу. Флешмобқа мектептің оқушылар. Арнайы хореогафиялық қимылдар арқылы буллингке қарсы көзқарасын білдірді, бейбітшілік пен достықты дәріптейтін ұрандар көтерді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып,оқушылардың белсенділігін арттырды. Флешмоб қатысушыларға ұжымдық рух сыйлап,мекпеп қауымдастығының бірлігін көретті. Қорытынды: Флешмоб һз мақатына жағымды әсер қалдырды. Ұйымдастырушы: аға тәлімгер Баетова Н.Қ
«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана,қолдашы ұстаз және қауіпсіз мектеп» сынып ата-аналар комитетінің бірінші отырысы
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ана мен сынып жетекшінің бірлескен жұмысының маңызын түсіндіру.
- Адал, әділ, мейірімді, жауапкершілігі мол азамат тәрбиелеу жолдарын талқылау.
- Балалардың мектепте және үйде қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз ету.
Күн тәртібі:
1. “Мектепке жол” республикалық акциясына қолдау көрсету ( ыстық тамақ ұйымдастыру, әлеуметтік осал отбасыларды анықтау)
2. Буллинг және кибербуллингтің алдын алу, түнгі уақытағы бақылау
3. Мектеп формасы, мектеп ережесі
4. 2025-2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты “Адал азамат” біртұтас бағдарламасымен таныстыру
5. 2025-2026 оқу жылына Мектептегі ата-аналар комитетін сайлау
1. Сынып жетекшісі Алмагамбетова Г.Т. «Мектепке жол» республкалық акциясының маңыздылығын түсіндіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды баяндады.
2. Психолог Аманжол Г.А. оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу шараларын атап өтті. Ата-аналарға бұл мәселелерді бақылауда ұстау керектігі түсіндірілді. Әкімшілік арасында түнгі уақыттағы бақылау ұйымдастырылатыны ескертілді.
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аюбекова Т.Т. мектеп формасын сақтау, мектеп ережелерін қатаң орындау, оқушылардың мектепке уақытылы келуі мен сабаққа қатысуы туралы сөз қозғады.
4. Сынып жетекшісі Алмагамбетова Г.Т. 2025-2026 оқу жылындағы “Адал азамат” бағдарламасының мақсаты – оқушыларды адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу екенін айтты. Бағдарлама ерекшеліктерін түсіңдірді.
5. Жиналыс барысында ата-аналар комитетін сайлау өткізіліп, сынып ата-аналары арасынан төрайым және мүшелер бекітілді.
1. «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, оқушыларға қолдау көрсету.
2. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу үшін ата-ана, ұстаз, мектеп бірлесе жұмыс атқару.
3. Барлық оқушының мектеп формасын сақтауы мен мектеп ережелерін қатаң орындауын қадағалау.
4. “Адал азамат” бағдарламасын жүзеге асыруда ата-аналар тарапынан қолдау көрсету.
5. 2025–2026 оқу жылына жаңа сынып ата-аналар комитеті сайланды:
-Ата-аналар комитетінің төрайымы: Курманова М
- Ата-аналар комитетінің мүшелері: Байгенжина Н
Қарттар күніне арналған іс-шаралар («Еңбегі адал жас өрен»жобасы, қамқорлық акциясы) Мерекелік кеш, қамқорлық акциясы
Іс-шара барысында Жас Ұлан Ұйымының Аға тәлімгері Баетова Н.Қ («Еңбегі адал жас өрен» жобасы, қамқорлық акциясын ұйыымдастырды. Ауылдың қарияларына барып құттықтап, жалғызілікті қариялардың ауласындағы жұмыстарына қол ұшын тигізіп, көмектессе, бастауыш сынып мұғалімі Малигова М «Қартттарым-асыл қазынам» атты меркелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға ауылдың ардагер қарияларын шақырылды, іс-шара мектеп директоры Мұса Е. құттықтау сөзімен басталды. Жиынымыз әрі қарай 1-9 сынып оқушыларының дайындаған мерекелік шашуына ұласты, оқушыларымыз ата-әжелерге арнап ән салып, би билеп, өлең арнап өз өнерлерін көрсетті. Жиын соңында үстел жасалып қариялар оқушыларға бата беріп жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
5 қазан –Ұстаздар мерекесі аясында «Дублер күніне» арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Дублер күнін» өткізу туралы бұйрығын шығарып, мектеп директорының дублері лауазымына кандидатура ұсынылып бастамашыл топ құрылып, жауаптылар бекітілді. ДТІЖО Аюбекова Т.Т. оқушыларды дублер күнінің штаттық кестесімен таныстырды. Өзін-өзі басқару ұйымынан құрылған жауапты топ 1-7 сыныптар мен ұстаздарға сабақ берді. Аюбекова Т.Т. және Аға тәлімгер ұйымдастырылуымен «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік концерт өткізілді. 1-9 сынып жетекшілері «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымытүгел қамтылды.
Мектеп президентін сайлау
Мектебіміздің дәстүрге айналған мектеп президентін
11. 25 қазан Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Мектептің өзін-өзі басқаруы» Мектеп парламентінің президентін сайланды. 1-9 сыныптарда«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 1-4 сыныптар арасында«Қазақстан еліне саяхат» 1-4 сынып оқушылары салған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. 5-9 сыныптар «Қазақстан-достық мекені» қабырға газет шығарды. Кітапханашы Баетова Н.Қ.оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Отанымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға барлық 1-9 сынып қыздары қамтылды
12. «Күзгі қауіпсіздік ережесі» сынып сағаты, ата-аналар жиналысы.
Тақырыбы: «Баланың басты ұстазы – ата-ана»
Қатысқандар. 21
Күн тәртібі:
1. ДТІЖ орынбасары Аюбекова Т.Т. – «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде баланың тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі туралы айтты. Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
2. Мектеп директоры Мұса Е. сөз сөйлеп, ата-аналарды балаларының оқу үлгеріміне, тәртібіне, мектеппен байланысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды. 1-тоқсан нәтижелерімен таныстырды.
3. Ата-аналарға арнайы сауалнама таратылып, мектеп пен отбасының серіктестігін нығайту бағытында ұсыныстар жиналды.
4. Түрлі мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Қаулы етілді:
ДТЖО: Аюбекова Т.Т.