«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Тәрбие жұмысының І жарты жылдық бойынша талдау есебі
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: 2022 жылғы қыркүйектің 1-і күні «Білім күніне» арналған «Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» бағдарламасын насихаттау мақсатында салтанатты жиын өтті.
1.1.1.Іс-шара барысында 1-қыркүйек Білім күніне орай «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау» атты салтанатты жиын өткізіліп, 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде мектепке қабылдады. Мектеп директорының м.а. Суслов Н. жиынға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, мектеп табалдырығын аттаған 4 оқушыға Әлліппе оқулығын салтанатты түрде табыстады.
1.2. Барлық 1-9 сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және Отаншылдық »тақырыбы аясында 1-9 сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды: Білім күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
2. 2022 жылы қыркүйек 01-09 аралығында«Абайлаңыз балалар»» атты республикалық акция бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектебімізде қыркүйектің 01-09-ы күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз балалар!» атты республикалық акция аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылармен келесі жұмыстар атқарылды:
2.1. 1-9 сынып жетекшілері «Жол қозғалысы ережелерін біл және сақта!» сынып сағатын өткізді.
2.2. 5-9 сыныптар арасында директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» қабырға газет байқауы өткізілді.
2.3. 2-4 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері «Жол қозғалысы ережелерін білесің бе?» тақырыбында сауалнама алды.
2.4. Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. 8-9 сынып оқушыларымен «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» жүргізушілерге арналған жаднамалар таратты.
2.5. 1-9 сынып жетекшілері оқушылардыжол қозғалысы ережелері нұсқаулығымен, Жолда өзін ұстау ережесі ; -аялдамалар мен көліктегі тәртіп ережелері таныстырды.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды:«Абайлаңыз балалар!»атты республикалық акция аясында өткізілген іс-шаралар сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға беріліп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Мақсаты: Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Мектебімізде қыркүйектің 01-09-ы арлығында түнгі ауыл көшелерінде рейдтер жүргізіп, түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүрген оқушыларды анықтау мақсатында «Мобильді топ» құру бойынша рейдтік шара ұйымдастырылды.
Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу мақсатында қаламызда құқық қорғау органдарымен бірге түрлі іс шаралар жүзеге асырылып жатыр. Азаматтардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін заңмен жауакершілік қарастырылған.Қазіргі таңда жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі маңызды болып тұр. Кешкісін үйден шығып ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер әр түрлі құқық бұзушылықтарға кездесіп жатады. Сондықтан жастардың бойына құқықтық тәрбиені сіңіріп, құқықтық санасын арттыру қажет. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу барша қоғам мен құқық органдарының міндеті. Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік шара өтті.
Түнгі көшеге директордың ТІЖО Мұса Е., мектеп Психологы Сулейменова Р.А. сынып жетекшілерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіп, түнгі ауыл көшелеріне рейд жасады.
Атқарылған іс-шара кезінде жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттердіорындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруін, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы айтып түсіндірілді.
Қорытынды: Рейд барысында түнгі ауыл көшелерінде түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүрген оқушылар анықталған жоқ.
4. 2022 жылы қыркүйек 05-09 аралығында «Мектептегі мінез-құлық ережелері»атты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында қыркүйектің 05-09-ы арлығында атты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 1-9 сынып жетекшілері «Мектептегі мінез-құлық ережелері»тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды:«Мектептегі мінез-құлық ережелері»тақырыбында өткізілген сынып іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
5.2022 жылы қыркүйек 05-16 аралығында«Қазақстан тілдер күні» мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
5-16 қырқүйек аралығында жоспар құрылып хабарландыру ілінді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай қабырға газеттері ілініп таныстырылды.
Негізгі іс- шараның мақсаты : -Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру;
-Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;
-Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныстыру;
-Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
-Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Іс-шара барысында келесі жұмыстар атқарылды:
5.1. Қазақстан халқы тілдер күні мерекесінің ашылуы болды. Іс шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты қысқаша түсінік берілді.
5.2. А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гид. Кітапханашы Н.Баетова көрме ұйымдастырып оқушыларға ақынның шығармалары мен кітаптары туралы айтып, сұрақ –жауап алынды.
5.3. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 9-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Тілімізге деген көзқарас – елімізге деген көзқарас» атты шығармалар сайысы болды. Оқушылар жазған шығармаларын оқыды, жақсы жазған оқушыларға кері байланыс берілді.
5.4.Мектеп оқушыларының арасында өтетін «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы. Бұған жауапты бастауыш мұғалімі Аюбекова Т. болды. Оқушыларға өлең жаттатып көркем сөз оқуға, жатау қабілеттерін арттыру мақсатында өткізді. Жеңген оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды:Тілдер күніне орай өткізілген іс-шара өте жоғары, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
6. «Отбасы күні» аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 1-9 сынып жетекшілері«Отбасы тәрбиесінің көрінісі» тақырыбында сыныпсағатын өткізді.Тәлімгер Сарсенғалиева Ж.А. 1-9 сынып оқушылары арасында «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында отбасылық фото сурет көрмесіұйымдастырса, директордыың ТІЖО Мұса Е. «Біз бірге бақыттымыз» тақырыбында 1-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізді.
Іс-шараға барлық 1-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қамтылды.
Қорытынды: Білім күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді, белсенді қатысқан оқушылар анықталып марапатталды.
7. 2022 жылы қыркүйек айында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқуға құштар мектеп жобасын жүзеге асыру және зияткерлік тәрбие беру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келесі іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай мектеп кітапханшысы Баетова Н.Қ. 5-9 сынып оқушылары арасында «Сен туған Қазақстаныңды білесіңбе?» атты оқырмандар сайысын өткізді.
Іс-шараға 5-9 сынып оқушылары қатысып, үздік оқушылар анықталып, марапатталды.
Қорытынды:ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді
8. «Эко-квест» қалдықтарды бөлек жинау акциясыаясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру және «Экоstart» жобасын жүзеге асыру .
2022 жылғы Қыркүйектің 15-сі «Эко-квест» қалдықтарды бөлек жинау акциясыаясында мектеп ұжымы мен оқушылар мектап ауласын қоқыстардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы түгел қамтылды.
Қорытынды:Эко-квест акциясы аясында атқарылған жұмыстар сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
9. 2022 жылғы Қыркүйектің 12-16-сы күдері «Денсаулық күні» апталығы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында Салуатты өмір салтын насихаттау.
Мектебімізде Денсаулық күні өте жоғары дәрежеде өтті. Апталыққа жауапты денешынықтыру пәні мұғалімі Мустафин Е.Т. болды. Апталық барысында түрлі спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырды.Күн тәртібінде бағдарлама бойынша іс-шарамыз таңғы жаттығулармен басталды.
Денешынықтыру пәні мұғалімі Мустафин Е.Т. 1-4 сынып оқушылары арасында эстафеталық сайыс, 5-9 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар сайысын ұйымдастырды. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары, 5-9 сынып оқушылары және мұғалімдер арасында кросс жарысын ұйымдыстырды.
Іс-шараға1-9 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.
Қорытынды: Апталықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Денсаулық күніне орай өткізілген іс-шара көңілді әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
10. Алтын күз мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды
Мақсаты:Оқушыларды күз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру; күздің жомарттығын көрсете отырып, байлығын бағалай білуге үйрету; қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке үйрету.
2022 жылғы Қыркүйектің 19-23-і аралғығында «Күз береке, күз мереке» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараға жауапты 1-4 сыныптарда 4-сынып жетекшісі Аюбекова Т.Т. 5-9 сыныптарда кітапханашы Баетова Н.Қ. жауапты болды.
Іс-шара барысында келесі іс-шараларды атқарылды:
1. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Арайлы, Алтын күз» байқауы ұйымдастырылып , 1-4 сынып оқушылары қатысып берілген тапсырмаларады орындап, жеңімпаздар анықталып марапатталды.
2. 5-9 сынып оқушылары арасында «Берекелі,алтын күз, Мерекелі алтын күз » тақырыбында сынып аралық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысып, жеңімпаздар анықталып марапатталды.
Сонымен қатар оқушылар күзгі бақша өнімдерінен қолөнер бұйымдарын жасап белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды: Алтын күз мерекесіне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
11. Құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, Құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды.
2022 жылғы 04-07 Қазан күндері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың , ерте жүктілік пен жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында о іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 1-4 сынып жетекшілері «Қылмыссыз балалық шақ», 5-9 сынып жетекшілері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»тақырыптарында сынып сағаттанын өткізсе, директордың ТІЖО Мұса Е. 7-9 сынып қыздармен жеке сұхбаттар жүргізді.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды: Құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шара сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
12.«Дүниежүзілік қарттар күні» аясында іс-шаралар ұйымдастырылды
Мақсаты: Жас ұрпақ бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алу. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
2022 жылғы Қыркүйектің 19-ы мен Қазанның 1-і күндері«Дүниежүзілік қарттар күніне» арналған іс -шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жас Ұлан Ұйымының аға Тәлімгері Сарсенгалиева Ж.А. мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, ауылдың қарияларына барып құттықтап, жалғызілікті қариялардың ауласындағы жұмыстарына қол ұшын тигізіп, көмектессе, бастауыш сынып мұғалімі Арыстанова Д.А. «Қартттарым-асыл қазынам» атты меркелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға ауылдың ардагер қарияларын шақырылды, іс-шара мектеп директорының м.а. Суслов Н. Құттықтау сөзімен басталды. Жиынымыз әрі қарай 1-9 сынып оқушыларының дайындаған мерекелік шашуына ұласты, оқушыларымыз ата-әжелерге арнап ән салып, би билеп, өлең арнап өз өнерлерін көрсетті. Жиын соңында қариялар оқушыларға бата беріп жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды: Қарттар күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
13. Ұстаздар мерекесі аясында «Дублер күніне» арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
2022 жылғы қыркүйектің 26-30 күндері ұстаздар күнінен орай «Дублер күні» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараға ДТІЖО Мұса Е.және Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің жауапкершілігімен келесі іс-шаралар өткізілді:
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымытүгел қамтылды.
Қорытынды: Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
Оқушылар өз міндеттерін жақсы атқарып шықты. Мұғалімдердің орнына сабақтар берді. Оқушылар мұғалім ретінде өздерін сезіне алды. Оқушылар басқару күніндегі алған әсерлері өте керемет, сондай-ақ келесі оқу жылындада бұл іс шара жалғасын табуын сұрайды.
14. Роза Бағланованың 100 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылық тарымен таныстыру;музыкалық білімдерін,ән орындауға дағдыландыру.
Қазанның 10-14 аралығында Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында 1-9 сынып жетекшілері «Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза Бағланова» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, 2-9 сынып оқушылары арасында «Дәстүрлі әндер» челленджі ұйымдастырылд..
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды:Өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
15. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сендай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Қазанның 10-14 күндері кітапханашы Баетова Н.Қ. 1-9 сынып оқушылары арасында «Бір отбасы-бір кітап» тақырыбында сурет және бейне түсірілім байқауын өткізді.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік сурет иегері мен үздік бейне түсірілім иегері анықталып марапатталды.
Қорытынды: «Бір отбасы-бір кітап» тақырыбында өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
16. «Халық аралық қыздардың құқықтарын қорғау күні» аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты: нәзік жандылардың құқықтарын қорғау, қыздар бойындағы қандайда болмасын мәселелерін шешуге жәрдем беру. Қыздардың балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлардыналдын-алу, өз құқықтарын қорғауға үйрету.
2022 жылғы Қазанның 11-14 аралығында Халықаралық қыздардың құқықтарын қорғау күніне арналған онкүндік жоспары құрылып іс-шаралар ұйымдастырылып кеслесі жұмыстар атқарылды.
Іс-шара барысында Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. 8-9 сынып қыздары арасында «Қызым үйде, қылығы түзде»тақырыбында дәріс оқып, ақыл кеңес берді. Мектеп Психологы Сулейменова Р.А. 5-9 сынып қыздарымен «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға 5-9 сынып қыздары қамтылды.
Қорытынды: Аталған іс-шара сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
17. «Экоstart» жобасын жүзеге асыру аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға еңбек, экономикалық және экологоиялық тәрбие беру, ерте жастан басталатын экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Экоstart» жобасын жүзеге асыру.
Қазанның 13-і күні «Экоstart» жобасын жүзеге асыру аясында «Таза қала-көрікті мекен» атты экологиялық акция өтті. Акция барысында мектептің ауласы қоқыс қалдықтарынан тазартылып, аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Акцияға 3-9 сынып оқушылары, мектеп ұжымы мен техперсонал қызметкерлер түгелдей белсене атсалысты.
Қорытынды: Аталған іс-шара сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
18. 25 қазан Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды
Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
2022 жылғы қазанның 17-22 аралығында Республика күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, келесі жұмыстар атқарылды.
Іс-шараға барлық 5-9 сынып қыздарықамтылды.
Қорытынды: Республика күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
19. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында іс-шаралар өткізілді
Мақсаты: Балаларға қатыгездік мен немқұрайлық мәселесіне қоғамдық назар аудару; қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру; балаларды зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
2022 жылғы қарашаның 7-20 аралығында«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, келесі жұмыстар атқарылды.
Қарашаның 07-11 күндері кітапханашы Баетова Н.Қ. «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға ақпараттық мәліметтер беріп, көрмеге қойылған кітаптармен таныстынды.
1-9 сынып жетекшілері «Бала құқығы – адам құқығы» тәрбие сағаттарын өткізді.
Қарашаның 10-ы күні Психолог Сулейменова Р.А. 7-9 сынып оқушыларымен «Мен және менің құқығым» дөңгелек үстел өткізді.
Қарашаның 10-ы күні Тәлімгер Сарсенғалиева Ж.А. 1-9 сынып оқушыларымен «Біз ,бәріміз біргеміз» атты флэш-моб өткізді.
Директордың ТІЖО Мұса Е. 3-9 сынып оқушылары арасын «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама жүргізді.
Қорытынды:«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын аясында өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді. Оқушылар өз құқықтары туралы ауқымды ақпараттар алды. Сауалнама нәтижесі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар анықталған жоқ.
20. Ұлттық валюта күніне орай іс-шаралар өткізілді
Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу, туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
2022 жылғықарашаның 14-18 аралығында «Ұлттық валюта күніне» орай іс-шара ұйымдастырылып, 1-9 сынып жетекшілері тақырыпқа сай сынып сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ұлттық төл теңгеміздің тарихымен танысып, қажетті ақпараттар алды. Бұл іс-шара оқушыларғаұлттық патриотизм рухын сыйлады.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары қамтылды.
Қорытынды: Ұлттық Валюта күніне орай өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
21. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында іс-шаралар өткізілді.
Қарашаның 7-11 күндері аралығында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында іс-шаралар ұйымдастырылып мектепте, үзілісте.... «Ақын, жазушылардың өлеңдерін оқу» бірыңғай оқу сағаты өткізілді.
Мектептегі оқытудың басты мақсаты – білім алушы тұлғаны қалыптастыру. Адамға рухани әсер ететін ерекше күштің иесі – «кітап» деп аталатын оқу құралы.
Оқуға деген қызығушылықтың болуы немесе болмауы баланың кітапқа деген көзқарасының негізгі факторы және оны бағалау критерийі болып табылады. Кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, онымен қарым-қатынас жасауға ұмтылу, көркем мәтінді тыңдау және түсіну, көркем мәдениетті дамыту балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті болып саналады.
«Кітап оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты: білім алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында кітап оқуды танымалдандыруға жағдай жасау.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың атқарар рөлі маңызды болары сөзсіз.
Бұл сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген эмоционалды-құндылық қатынасын, оқырмандық дербестігін және оқырмандық ой-өрісін арттыруға бағытталған.
Қорытынды: Өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
22. Отбасылық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында келесі іс-шара ұйымдастырылды
Қарашаның 9-ы күні мектебімізде ДТІЖО Мұса Е. 5-9 сынып оқушыларымен «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
🔹Мақсаты: Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтеп, сыйлай білуге , адал да парасатты ұл мен қыздары болып өсуге тәрбиелеу.
🔹Кездесу барысында өнегелі сұхбат, әсем ән, әсерлі әңгіме өрбіді. Көпті көрген ата-әжелеріміз құрметті қонақ болып, жас ұрпаққа өз ақылдарын айтып, жүрек жарды тілектерін жолдап, баталарын берді
Қорытынды: Өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
23. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында іс-шаралар өткізілді.
Қарашаның 21-25 аралығында кітапханашы Баетова Н.Қ. ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында«Бабалар үні» такырыбы бойынша халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ауызша іс-шара өткізілді.
Мақсаты-сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдай, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Қаз дауысты Қазыбек би- қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.
Қазыбек бидің өмірі жанкешті істері мен батыл шешімдерге толы болды. Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.
«Артына жаман жұраттан жақсы сөз қалдырған артық» дегендей, қазақ қоғамында би-шешендердің орны ерекше. Олардың түйінді сөздеріне хан, сұлтандар да жығылған. Қара қылды қақ жарып, әділ билік айтқан билердің игі істері, бойындағы қасиеттері жылдар бойымен ғасырларға айналып, құңды мұра болды. Қазақ тілі-бай тіл, көп оқу арқылы көп білеміз. Жазылған шығарманың барлығы тілдің көмегімен жетеді. Құндылықтарымызды қастерлей отырып тереңдету, оған сүйіспеншілікті қалыптастыру- отаншылдық пен қазақстандық патриотизмді оятады.
Қорыта келгенде, шешендік сөздердің әдебиет әлемінен алар орны қашанда бөлек болмақ.
Қорытынды: Өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
23. Қарашаның 30-ы күнң «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: Діни экстремизм – қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарын насихаттау.
Шара аясында ДТІЖО Мұса Е. «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» тақырыбындағы мақалаларға шолу жасады. Дөңгелек үстелге 5-9 сынып оқушылары қатысып, дін, экстремизм мен терроризмнің зиянды әрекеттеріне тоқталып, өз ой пікірлерін бөлісті. Шара барысында «Терроризм – қоғам алдындағы қатер» атты видеоролик көрсетілді.
Қорытынды:Діни Экстремизм мен терроризмге қарсы өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
24. Қарашаның 28-і мен желтоқсанның 1-і аралығындаөскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың санасын қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына оқушыларды тарту мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында «Адал еңбек бейнесі» атты сурет байқауы өткізілді.
Нәтижесінде: І орын 3- сынып оқушылары –Додай Назерке, Таңат Іңкәр, Қалдыбаева Гульназ; 4 сынып оқушылары Сәтім Айару мен Додай Назлы ;
ІІ орын- 2 сынып оқушылары-Сәмкен Абай, Сәтім Мейіржан; 3-сынып оқушысы Мұса Нұрасыл
ІІІ орын- 2-сынып оқушысы Альмагамбетова Амина, Қайратұлы Кенжебек иеленді.
Қорытынды: Өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
25. 2022 жылы28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні» орай жоспар құрылып келесі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың білімін тереңдету туындағаны туралы және табиғаттағы вирус, АИТВ, білімді насихаттау, жасөспірімдер арасында ықтимал жолдары туралы АИВ-инфекциясының және ЖҚТБб-ның алдын алу.
1. Іс-шара барысында 1-9 сыныптарда темекі шегу мен нашақорлықтың алдыналу бойынша сынып сағаттары өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалнамалар өткізді.
2. 8- 9сынып жетекшілері АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша сынып сағаттары тақырыпқа сай сынып сағаттарын өткізді.
Сонымен қатар жиналыс барысында ДТІЖО Мұса Е. қыздармен «Қыздардың бас гигиенасы» жайында әңгіме жүргізді.
Қорытынды: Өткізілген іс-шара сапалы өткізілді деп танылып жақсы деген баға берілді.
26. 2022 жылғы Желтоқсан 25-і күні «Қыс мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелері» тақырыбынд онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, оқыс оқиғалардың алдын алу, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау.
1. Жиналыс барысында Директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тағырыбында ата-аналарды бейне презентациямен таныстырып, қысқыша мәлімдеме жасады.
2. «Мұз қату кезіндегі оқушылардың мұз үстіндегі қайғылы жағдайларын Ережесі», «Жылу маусымы кезіндегі газдан, пештен, электр қуатынан болатын өрт және түтіннен уланудың алдын алу Ережесі» туралы ата-аналарға түсіндіріп, қауіпсіздікті сақтау әр ата-ананың міндеті екенін ескертті.
3. Сынып жетекшілері ата-аналарды І-жарты жылдық қорытындысымен таныстырды.
Қорытынды: Іс-шараға 1-9 сынып ата-аналары түгел қамтылды, ата-аналар қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қойды. Балалардың қауіпсіздігіне мұқият қадағлау жасаймыз деген шешімге келді.
27.
2022 жылғы Желтоқсанның 29-ы күні сағат 10:00-де 1-4 сыныптарға; сағат 15:00-де 5-5 сыныптарға арналған«Қош келдің Жаңа-2023 жыл !» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында 1-9 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, 2023жыл!» атты ертеңгілік өткізіп, оқушылар Аяз атаға арнап өлең оқып ән салып «Құмай-Есіл» ЖШС дайындаған тәтті сыйлықтарын алды.
Қорытынды: Өткізілген Жаңа жылдық іс-шара сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.