«Құмай негізгі мектебі» КММ
Ата-аналар жиналысы 04.09.2019ж.
Хаттама № 1
Ата-аналар саны: 6
Қатысқаны: 6
Қатыспағаны: 0
Күн тәртібінде:
1. 1-сынып ата-аналарына арналған психологиялық көмек
2. «Қауіпсіз мектеп ортасы» акция қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
3. Әртүрлі сұрақтар
Тыңдалды:
Қыркүйектің 4-і күні онлайн режимде 1-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
1. Сөз кезегі мектеп Психологы Сулейменова Р.А. берілді. Ол 1-сынып ата-аналарына мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы нығайған жағдайда балаға толыққанды білім бере алатынымыз туралы сөз қозғап, ата-аналарға жан-жақты психолгиялық қолдау көрсететіні туралы баяндады.
2. Сөз кезегі директордың ТІЖ орынбасары Мұса Е. берілді. Ол өз кезегінде «Қауіпсіз мектеп ортасы» акция қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұстаздар мен ата-аналардың міндеті екенін айтып өтті. Соның ішінде қазіргі қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу керектігі ескертілді. Бала тәрбиесіне мұқият қарап, балалардың интернет желісінде көп отыруына жол бермей назарларында ұстауын сұрады.
Жалпы отбасылық құндылықтарды бала сансына сіңіріп тәрбиелеу керек екенін тағы бір мәрте айтып өтті.
3. Әртүрлі сұрақтар бойынша ата-аналар өз ойларын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Қорытынды: Жиналысқа барлығы 6 ата-ана қатысып балалардың қауіпсіздігі әр қайсысының борышы екенін айтып ондай жағдайларды болдырмаймыз деген тұжырымға келді.
Мектеп директорының м.а: Молдатина Ф.О.
Директордың
ТІЖ орынбасары: Мұса Е.
Психолог: Сулейменова Р.А.