«Отбасы күні» аясында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ
«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
«Отбасы күні» аясында өткізілген іс-шаралар туралы
АҚПАРАТ
2022-2023 оқу жылы
- Отбасылық тәрбиені жүзеге асыру, ата-аналармен, мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2022 жылғы қыркүйектің 10-16 аралығында Отбасы күні мен ата-аналар институтына арналған ағарту жұмыстары, психологиялық-педагогикалық біліктілігін жетілдіру және бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып келесі іс-шаралар өткізілді:
Іс-шара барысында 1-9 сынып жетекшілері«Отбасы тәрбиесінің көрінісі» тақырыбында сыныпсағатын өткізді.Тәлімгер Сарсенғалиева Ж.А. 1-9 сынып оқушылары арасында «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында отбасылық фото сурет көрмесіұйымдастырса, директордыың ТІЖО Мұса Е. «Біз бірге бақыттымыз» тақырыбында 1-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізді.
Іс-шараға барлық 1-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қамтылды.
Қорытынды: Білім күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді, белсенді қатысқан оқушылар анықталып марапатталды.
Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.