"Мен ғарышкер боламын" тәрбие сағаты
Сыныбы: 4 сынып
Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»
Мақсаты:
1) Білімділік: балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш жайы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: балаларды дені сау, білімді, талапты, батыл болуға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: өз елін мақтан етіп, өз елінің мақтанышы болуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, көрсету, бой сергіту.
Көрнекілігі: видеоролик, ән, ракета, ғарышкерлердің суреттері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер
Формасы: жарыс
Әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Өту барысы:
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық |
Амандасу, түгендеу
Әрбір адам, туысым, досым, ұлағат. Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің- тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық. |
|
Кіріспе кезеңі |
- Балалар, 12 сәуір қандай күн?( Ғарышкерлер күні) - Иә дұрыс, 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын бүкіл Қазақстандықтар тойлайды .Осыған орай біз «Мен ғарышкер боламын» атты тәрбие сағатымызды өткіземіз. - Ендеше тәрбие сағатымызды Қасым Аманжоловтың « Ұшқыш болғым келеді» өленімен бастайық ( Тамерлан жатқа айтады) -Жарайсың Тамерлан, енді қазір біз топ болып жарысамыз. Ай тобы 3 сынып, Күн тобы 4 сынып Және әділ-қазылармен таныс болайық. |
|
Негізгі кезеңі |
- Енді әр топқа мен тапсырма берген болатынмын. Ай тобы аспан денелері туралы мағлұматты, ал Күн тобы ғарышкер туралы мағлұматты дайындап келу. Дайынбыз ба? Ендеше сөз өздеріңізде. - Ай тобы тапсырманы қорғайды 1. Алдияр : Ай – жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі. жаңа Ай туғанда орақ тәрізді болып көрінеді. 2. Жаңай Жаңа Ай Күннен шығысқа қарай қозғалады да, біртіндеп тола бастайды. 2 аптада дөп-дөңгелек толған Айға айналады. 3. Дамир: Жер – күн жүйесіндегі өмір бар, тіршілік бар жалғыс планета. 4. Мадина: Жұлдыз – өте күшті қызған газдан туратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денесі. 5. Тиана Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. 6. Нұрбол Күн – қызған газды шар. Жерге ең жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді Жарайсыңдар, келесі Күн тобы 1. Зарина: 1991 жылы 2 қазанда тұнғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа ұшты. 2. Арай 1991 жылы 10 қазанда Тоқтар Әубәкіров аман есен жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі: 7 күн, 22 сағат, 13 мин 3. Нұрай: Гагарин Юрий Алексеевич 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минтан кейін Жерге қайта конды. 4. Айбол Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 5. Руслан: 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. 6. Тамерлан Гиннестің үздік табыстар кітабінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
-Жарайсыңдар, енді келесі тапсырмаға көшейік.
- Балалар, қанша планета бар? (9) - Қәнекей барлығымыз атайықшы: Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер , Уран, Сатурн, Нептун, Плутон, Жер - Біз қай планетада өмір сүреміз? ( Жер ) - Ал енді осы планеталардың дайындаған тапсырмаларын орындап екі топ жарысады
- Меркурий планетасының тапсырмасы : сұраққа жауап бер, қай топ бірінші қолын көтереді, сол топ жауап береді. Сонымен сұрақ: 1. Тұнғыш ғарышкерді ата? (Юрий Гагарин)
- Келесі ғаламшар Шолпан мұнда да мына сұраққа жуап беру керек. - 1. Әйел ғарышкерді ата? Кәне кім біледі екен (Валентина Терешкова) - Марс ғаламшарының тапсырмасы - Тұнғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров) - Юпитер ғаламшарында мұнда біз келесі - Рекорд жасап гинес кітабына еңген, қазақтың екінші ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев) - Уран ғаламшарының тапсырмасы ән айтуымыз керек. Ал балалар, барлығымыз қосылып ән айтайық. « Мен ғарышкер боламын» (Баларға өленнің сөзі беріліп, ән айтылады) - Келесі ғаламшар Сатурн деп аталады. Бұл ғаламшардың тапсырмасы жаңылтпашты түсінікті әрі жылдам оқу керек. - Ай тобына : Ғарышқа ұшты ғарышкер, Айтшы, ғарыш алыс па? - Күн тобына : Пай-пай-пай, жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.
- Нептун ғаламшарының тапсырмасы жұмбақтарды шешу керек: Ай тобына: Самұрақ құс самғады, Көктен өтіп, Айға жетіп, Жеңілдеді салмағы. ( Ғарыш кемесі ) Күн тобына: Аспанда бір алып құс, Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсақ ғажайып, Соңында із қалады. ( Зымыран ) Ай тобына: Бір тілім болып туады, Күнен-күнге толады, Дөп-дөңгелек болады. ( Ай ) Күн тобына: Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. ( Күн ) - Плутон ғаламшарының тапсырмасы: «Мен ғарышкер боламын» 1 шумақ өлең құрастыру
................ боламын , ................ шоламын. ................ қонамын, ................ қайтамын.
- Жарайсындар, планеталардың тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.
- Балалар, қазір әр топқа 5 сұрақтан тұратын тест беріледі 3 минут ішінде тестке жауап беріп әділ-қазыларға бересіңдер
|
|
Қорытынды бөлім |
Әділ- қазыларға сөз берейік (әділ – қазылар жеңімпазды айтып марапаттайды)
Балалар, ұшқыш болғыларын келе ме?
Ұшқыш қандай болу керек? (Кластер құрастыру)
Сонымен, ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, келгендеріңізге көп-көп рахмет.
|