"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аға тәлімгердің 2023-2024 оқу жылы І-жарты жылдық есебі

                     Құмай ауылының негізгі орта мектебі бойынша

 аға тәлімгердің 2023-2024 оқу жылы  І-жарты жылдық есебі

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Бұл мерекенің жылдан

жылға мәні артып еледі десек артық айтқандық емес.Себебі оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктің жаңа белестің бастауы болса мұғалімдер үшін тың

тәжірибе енгізуі басталатын кезең болып табылады.Өткен оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болды.

Шараға келген қонақтар жылы лебіздерін айтып, биылғы оқу жылына сәттілік тіледі.

Шара барысы ән айтып, мың бұралған биге ұласты.

 

 

 

 

 

А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты іс-шара өтілді.

 

 

 

«Менің отбасым» 2-7 сыныптар оқушылары арасында, көркем өнер құралдары арқылы өз армандарын бейнелету.

 

 

«ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ» МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН, «ЖАС ҰЛАН» ҰЛАНБАСЫН, «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫН САЙЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. САЙЛАУ 15 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ӨТЕДІ.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ СӘТТІЛІК! ӨЗ ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА

 

 

 

15.09.2023жылы "Өзін-өзі басқару" Мектеп президентін және кондидаттарын, “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасшысын және кондидаттарын ," Адал ұрпак" еріктілер клубының президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлауға үміткер ретінде 8-9 сынып оқушылары ұсынылды. Сайлау өз деңгейінде өткізілді.

Жиын барысында ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Мектеп парламенті» білім

алушыларының өзін – өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру, білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік

құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік

шығармашылық қабілеті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу мақсатында өзін – өзі басқару органдарының фракция мүшелерінің және мектеп президентінің міндеттерін түсіндіріп өтіп, ашық дауыспен сайлауды ұсынды. Сайлау нәтижесінде Мектеп президенті және фракция мүшелері сайланды.

"Өзін -өзі басқару" мектеп президенті  Едилбаева Тиана

"Спорт және салауатты өмір салты" фракциясы Байгенжин Нурбол

"Мәдениет және өнер" фракциясы Еслямбек Махаббат

"Құқықтық" фракциясы Серикова Жанай

"Ақпарат" фракциясы Панфиленко Карина

"Қайырымдылық" фракциясы Байболат Алдиар

"Ұшқыр ой дебат" фракциясы Боранбаев Ерадиль

"Өзін-өзі тану және бақыт" фракциясы Саутбеков Саян

"Экалогия және еңбек" фракциясы Байгенжин Алижан окушыларымыз сайланды.

 

 

«Абайла балақай!» Жолда жүру ережелерін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

«ДУБЛЕР КҮНІ»

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру , тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатына Құмай ауылының негізгі орта мектебінде 30қыркүйек күні «Дублер күні» өткізілді. Мектеп әкімшілік мүшесі, пән мұғалімдерін жалпы 9 оқушылар алмастырылды. «Дублер күні» жасалатын жұмыстарымен ұйыдастырылатын шараларды таныстырды. Оқушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ өтті, соңында жиналыс жасалып, оқушылар өз пікірі мен ұсыныстарын айтты .

 

 

 

"25 қазан—Республика күні" мерекесі аясында бастауыш сынып

оқушыларының арасында "Атамекен" тақырыбында жалпы республикалық диктант алынды.

Мақсаты: Республика күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың бойына

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру.

  • Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, елін, жерін қадірлей білуге үйрету.

 

 

 

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Биылдан бастап Жаңа Қазақстандағы жаңашылдықтың бірі ретінде 25 қазан - Республика күнін ерекше ұлттық статусы бар мереке – демалыс күні ретінде атап өтетін болдық. Бұл қоғам үшін, қоғамның қозғаушы күші - жастар үшін жақсы жаңалық болды десек артық айтқандық емес.

Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. 25 қазан Республика күні қарсаңында                      Құмай ауылының негізгі орта мектебінде "Менің арманымдағы -

Қазақстан" тақырыбында әнұран ұйымдастырылды.

Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күні құтты болсын!!

Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

 

 

 

 

"Алтын күз" мерекесіне орай апталық жоспары түзіліп, "Күз сыйы" жәрменкесі бастауышсыныптар мен 5-9 сыныптар арасында өтті.

 

 

 

 

«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2023» байқауы

Тақырыбы:«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2023»

Мақсаты:Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз

мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін байқау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызын тәрбиелеу.

 

«25 қазан- Республика» күніне орай мектебімізде “Жас Ұлан” "Жас Қыран" балалар мен жас өспірімдер ұйымының қатарына 2 және 5 сынып оқушылары қабылданды. Жас ұланның ережесі бойынша оқушылар рапорт тапсырып , әнұран шырқап, ант берді. Қабылданған ұландарымызға туымыз түстес көгілдір галстук тағылды.

Мектеп директоры  Мұса Еркегүл «Жас ұлан» «Жас Қыран» мүшелерін құттықтап, егеменді еліміздің еңселі ұл-қыздары болыңыздар! -деп тілек білдірді.

 

 

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында 4-сынып оқушыларымен тәрбие сабағын өтті.

 

 

«16 Желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Тәуелсіздіктің 33 - жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту;

  • Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;
  • Өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
  • «16 Желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай           «Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан жүрегім» тақырыбында тәрбие
  • сағатын өтті.

 

 

"ЖАҢ АЖЫЛ, ЖАҢА ДУМАН!"

 Құмай ауылының негізгі орта мектебі атындағы жалпы орта мектебі. Жаңа жыл мерекесіне орай іс-шара жоспары түзіліп, 2023 жылғы 27-28-29желтоқсан күндері бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына «Жаңа жыл» мерекесіне арналған «Жаңа жыл, жаңа думан!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Мектеп директоры Мұса Е құттықтау тілегін айтып, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың өнерлерін тамашалап, ойын ойнатып, жеңімпаз болған оқушыларға

сыйлықтарын тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Жаңа 2024 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2024 жылда ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жаңа 2024 жылдағы жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын!

 

Жаңартылған күні: 29.03.2024 16:56
Құрылған күні: 03.04.2024 13:55

Текст