"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Құмай негізгі мектебі" КММ
КГУ "Кумайская основная школа отдела образования Есильского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Логикалық ойлау" ашық сабақ

    Тақырыбы: Логикалық  ойлау. 

Мақсатты: Оқушылардың логикалық  есептерді шығару.

 

 

 

 

Әділ қазылар. Еркегүл Мұсақызы, Светлана Сапарқызы, Фарида Оразбекқызы.

 

Көрсетіп өздерінің өнерлерің,

Табындырып өнерге көрерменің.

Таныстырып енді олар көпшілікке,

Сайысқа қатысушы өрендерің.

Әр топ сәлемдесу сәттілік тілеймін.

 

Жүргізуші. Сайысымыздың 2-бөлімі.Кім жылдам деп аталады ?Әр топтан екі оқушы шығады. Бір қыз картоп тазалайды, екіншісі қыз түйме қадайды. Картоптың қабығы жұқа үзілмеген болса өте жақсы. Түймені мата сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерту керек.

3.Келесі сайысымыз Қол өнері-ой өнері. Мұнда тез арада бір суретті таңдап, пластилиннен үлгілер бойынша пішін жасау керек. Табылар бойларыңанан келер білім. Арқалап келіп өнер жүгін. Бүгін шаш үлгісін жасайтын. Көреміз сайыскерлер шеберлігін.

4 Сән салоны. Ұлдар қыздарға шаш үлгісін жасайды.

5.Ағаш көркі- жапырақ. Адам көркі- шүберек дегендей,енді әр топ сән үлгілерін көрсетеді.

6. Жұмбақ шешу. Әр топқа бес жұмбақ беріледі. Қай топ көп шешеді сол топ женеді.

 

1. Сүмбір теректі, жасыл желекті,

Ерден қалмайды, жауға керекті.      ( Найза ).

 

2.Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді.   ( Қанбақ ).

 

3.Шидиген ұзын сирағы, тастай терең құлағы,

Сөйтіп жүріп көп жерге, аспалы тор құрады.   ( Өрмекші ).

4. Тұратұғын әр үйде, жайлы орын сәбиге,

 Шаңғы табан үйшік ол, тербететін әрине.    (Бесік ).

5.Аяғы бар, жүрмейді, аузы бар күлмейді.    ( Қуыршақ ).

6.Емес ол кітап та, дәптер де,

Жүреді бірақ та портфелде.

Көрсетіп ондағы бағанды.

Қуантып қоясын ағаңды.       ( Күнделік ).

7.Іші-егіс, Сырты-тегіс.         ( Тоң ).

8.Қолы бар. Саусағы жоқ.

Сырты-тегіс. Мойны бар.      ( Көйлек ).

9. Адамның сәні, Онсыз жоқ мәні.         ( Киім ).

10. Шалбарын сүйрейді, Жыртықты түйрейді.        ( Ине ).

 

Осымен бүгінгі Өнерлінің қолы алтын, атты сайысымыз өз мәресіне жетті, ал қазір кімнің ұпайы көп екенің білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңімпаз топқа марапаттау рәсімі жасалады. Көңіл  бөліп, ден қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Қош сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 20.05.2020 21:14
Құрылған күні: 20.05.2020 21:14

Текст