"Жақсы көруді үйренеміз" ашық сабақ Өзін-өзі тану 2-сынып
Өзін-өзі тану бойынша ашық сабақ жоспары
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Құмай негізгі
Күні: 2.03.2020
№: 23
Мұғалімі: Ерлан Бахитгул
Сыныбы: 2 «А»
Оқушылардың саны: 4
Тақырыбы: Жақсы көруді үйренеміз
Құндылығы: сүйіспеншілік
Қасиеттері: Айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа, Отанға және отбасына деген махаббатты көрсете білу
|
Мақсаты: Оқушыларға жақсы көру қасиеті туралы түсінік бере отырып, ойларын айқын жеткізуге ықпал жасау Міндеттері:
|
Ресурстар: |
|
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2-топ: «Сүйіспеншілік»
Т – ережесі:
Тыныштық сәті. «Тыныс алуға зейін қою». Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Алдыңғы сабақта өтілген «Дос болуды үйренеміз» тақырыбында қандай тапсырма үйге берілген еді? |
Қима қағаздар
Музыка |
|
ІІІ. Сабақтың дәйексөзі. Кімде-кім жақсы көрсе, сол күшті негізі. Нақыл сөз Кубизм әдісі: Сұрақтар: 1. Өзін - өзі тану сабақтарында не үйрендіңіздер? 2. Өзіңізді немесе өзгені жақсы көру дегенді қалай түсінесіздер? 3. Өзіңіз бойыңызда қандай қасиеттер болғанын қалайсыз? 4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? 5. Кімдерді жақсы көресіз? 6. Неліктен жақсы көресіз? |
Кубик |
«Шынайы сүйіспеншілік» Лариса Кобзева мәтінімен танысу «Бинго» ойыны
|
Оқулық Слайд |
|
V. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. 1-топтың тапсырмасы: Мозаика құрастырту. Оны әңгімелеп береді. 2-топтың тапсырмасы: Сөйлемдердің жалғасын табады. 3-топтың тапсырмасы: таратылған сөздердің ішінен «Жақсы көруге» қатысты берілген сөздерді ғана жапсыру. Қалған сөздердің неліктен тиісті емес екендігін түсіндіріп айтып өту. |
Мозаика суреттері
А3 парақтар |
|
VI. Топпен ән айту. «Жақсы көру» Акыл-ойдын мол кені, Ата, әже бар менде, Айтып түрлі ертегі, Аялайды әнмен де. Қайырмасы: Жақсы қөрем атамды, Жақсы көрем әжемді. Асыл сөзді макалды, Екеуі де әдемі. Киімімді тазалап, Ұсынады тамағын Жатпаймын еш мазалап, Айтқан тілді аламыш.
Қайырмасы Тындап әже, атамды, Береммен декол үшын Жасы үлкен адаиды, Сыйлай білу борышым. |
Колонка |
|
VII. Үй тапсырмасы. 1. Жұмыс дәптердің 51-бетін орындап келу |
Жұмыс дәптер |
|
VIII. Сабақтың қорытынды сәті. Балаларды ортаға шығарып, шеңбер қылып тұрғызып, «Күн» макетін ұсыну. Бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, бір-біріне жақсы, жағымды комплименттерді айтып, шеңбер бойымен күнді айналдырып шығады. |
Шар, күн сәулелері |