"Жас Ұлан" және "Жас қыран" ұйымыны қабылдау салтанатты жиын сценарий
Тақырыбы: «Болашақ Президенттер»
Мақсаты: « Жас ұлан» және "Жас Қыран" ұйымына қабылдауҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» және «Жас қыран»балалар мен жас өспірімдер ұйымының елтаңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі. Би І жүргізуші:Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуымен қатар 1-желтоқсан ҚР тұңғыш президентіне де 27 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті күні мен Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына 5- сынып оқушыларын қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер! ІІ жүргізуші:Тұңғыш президент күніне арналған концерттік бағдарламамызды және ант қабылдау салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! І жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін сүйген Елбасы деп білеміз Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше , Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! ІІ жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап. Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған! І жүргізуші:Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай « Жас ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр. Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін! ІІ жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім Беретін бойға күш-қуат,жігер Шырқалсын шаттық әнұран әнім! Әнұран ойналады І жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,Шаттыққа елді бөледі. Тағдыры тарих өрелі,Көк тудың желбірегені! Көк Ту - ән.(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.) ІІ жүргізуші:Алдымен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы тоқталып өтсек (слайд ) І-жүргізуші:Ендеше, оқушыларды « Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. ІІ-жүргізуші:«Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі: І жүргізуші:Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді. ІІ жүргізуші:Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек. І жүргізуші:Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді. ІІ жүргізуші:Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды. І жүргізуші:Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады. ІІ жүргізуші:Жас ұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары. І жүргізуші:Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ІІ жүргізуші:Жас ұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады. І жүргізуші:Жас Қыран ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар ІІжүргізуші: Жас ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек. І жүргізуші:Білімді –көкіректе нұр деп түсінЖігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.Аталған мақсат, талап, ережені,Орындауға бәріңде міндеттісің! Флешмоб : Ант қабылдауға жас ұландар дайын. ІІ жүргізуші:Егеменді еліміздің тірегіМектептің болашағы жігеріДостықпен татулық тілегі«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері –ұйымға қабылданушы оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар. І жүргізуші:Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Жасұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз. ІІ жүргізуші:Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін « Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. 5-сынып оқушысыларына береміз
Анттың мәтіні: Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;Ата-анамды қадірлеуге;Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;Білімге табандылықпен ұмтылуға;Салауатты өмір салтын ұстануға;Табиғатты аялауға;«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрдеАНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! І жүргуші: Құрметті, оқушылар «Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. Жас ұлан ұйымының әні
ҚР туы шығарылсын.Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының туы алып шығылсын! Г И М НКөк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді. ІІ жүргізуші: Концерттік бағдарлама Бір басында кемеңгерлік, даналық,Елін сүйген елі үшін жаралып.Сол кісідейболса - болсын әр алыпАдамдықтың аласармас үлгісіБір өзінен жатқаны шын таралыпБүгін Тұңғыш Президенттің күнінеӘсем әнді шырқата бірсалалық! І жүргізуші: Құттықтау сөз: мектеп директорының уақытынша міндетін атқарушы Қалмурзаев Бақыт ағайға беріледі №. ІІ жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен. І жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа,Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,Ашылып алдымыздан алтын қақпа. ІІ жүргізуші: . 1-желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күніне арналған 6- сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына жәнеРеспубликалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.