Ашық сабақ "Сын есім"

Күні: 14.03.18

Сыныбы: 3

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалім: Аюбекова Т.Т.

Тақырыбы: Сын есім    

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сын есімдерді тауып, сұрақ қоя білуге дағдыландыру;

2.Дамытушылық:. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту;

3.Тәрбиелік: туған тілін құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу. Жолдастарына көмек

: Суреттер, қима қағаздар,плакат.

Кезеңдері:

Өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

 

 

 - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп аламын


беру дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас  сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, салыстыру, ойландыру, мадақтау,  түсіңдіру жаттығу, баяндау, әңгімелесу, талдау – жинақтау.

КөрнекіліктерҚазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым қазақ тілім.

 

Жарайсыңдар, отырындар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Үй жұмысына мен 65 беттегі 5 - жаттығуды орындауға бердім.

-...............орындағаның оқиды, қалғандарымыз тексереміз.

-Кезекші дәптерлерін жинап алады.

-Екінші кезекші екінші дәптерлеріңді таратады.

III.Жаңа сабақ

 

Жаңа сабақты

ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, қазір біз «Артығын тап» ойының ойнаймыз. Сендерге тақтада сөздер беріледі. Сол сөздер ішінен сендер артық сөзді табуларын керек.

-Сонымен бірінші қатардағы сөздерді Тиана оқиды, артық сөзді айтады.
1. Қалам, сиыр, қызыл, сәбіз, қол. Артық сөз қызыл, өйткені ол сын есім, ал қалғандары зат есім.

-Сонымен екінші қатардағы сөздерді Нұрбол оқиды, артық сөзді айтады.
2. Қырық, алты, оң жеті, жүз, көңілді. Артық сөз көңілді, өйткені ол сын есім, ал қалғандары сан есім.

-Сонымен бірінші қатардағы сөздерді Мадина оқиды, артық сөзді айтады.
3. Майлы, жинады, шегеледі, тойлады, жайнады. Артық сөз майлы, өйткені ол сын есім, ал қалғандары етістік.

-Жарайсыңдар, балалар артық сөздер қандай сөз табына жатады екен?

-Дұрыс айтасыңдар, сын есім. Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз сын есім.

-Балалар, сын есім дегеніміз не? Ережені еске түсірейікші?

-Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

-Сын есімге сұрақ қойып мысал келтір?

-Жарайсыңдар, ал енді дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз, бүгінгі тақырып және сынып жұмысы. 1-жаттығу

-Кітаптың 66 бетін ашамыз, 1-жаттығу. Дамир берілгенің оқи ғой. Сонымен сөйлемді көшіріп, сын есімдерді тауып, сұрақ қою керек.

-Келесі 2 жаттығу. Берілген зат есімдерге қатысты сын есімдерді тауып жазу. Бұны біз тақтада орындаймыз.

Ашық

Гүл

Ұзын

Кітап

Қызыл

Аспан

Оюлы

Терек

Қалың

Тамақ

Дәмді

Сандық

-Жарайсыңдар, балалар шаршаған шығармыз. Орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

-Оқушылар, орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық.

Бойындағы сергек тік ұста,       (бойларын тік ұстайды)

Деміңді ішке тез ал.                   (демін ішіне тартады)

Емін-еркін тыныста,                  (терең дем шығарады)

Сол қолыңды соз алға.              (сол қолын алға созады)

Қол ұшына қара  да,                  (қолын жоғары көтереді)

Үшбұрыш сыз ауада.                 (сол қолымен үшбұрыш сызады)

Оң қол да бос тұрмасын,           (оң қолымен үшбұрыш  сызады)

Шеңбер жасап жырласын.        (оң қолымен шеңбер сызады)

 

-Жарайсыңдар, келесі 3-жаттығу өлеңді көшіріп жазу, сын есімдерді тауып, астын сызу.

Ол үшін бірінші өлеңді мәнерлеп оқып алу керек. Бірінші мен оқимын, кейін сендер.

 

 

Таяз-

Қалың –

Биік –

Сары-

 

 

-Жарайсыңдар, келесі жаттығуды топқа бөлініп орындайсыңдар, сендерге плакатта сын есімдерді зат есідермен тіркестіріп жазуларын керек. Және қалаған 2 сөзбен сөйлем құрастыру керек. 3 минут уақыт беріледі.

 

 

Әдемі –

Кою –

Кең –

Қоныр –

 

 

 

 

 

 

 

 

-Уақыт аяқталды. Ал енді ортаға шығып жазған сөздерінді оқуға болады. 2 оқушы шықса біреу ұстап тұрады. Біреу оқып береді.

-Жарайсыңдар!

-Ал енді бір ойын ойнайық  «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Бұл ойын топпен орындалады. Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.

Бірінші топқа: Қққ, Ссс

Екінші топқа:Еее, Жжж

Мысалы: менде Әәә берілген. Әйгерім әдемі әндетті.

Қайсар қатты қуанды

Сурет  сапалы салынды

Елнұр еңсейіп еңкейді

Жанар жаяу жүрді

 

V.Қорытынды:

-Сонымен, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сын есім дегеніміз не?

-Сын есім сұрақтары

-Мысал келтір.

 -Бүгін қандай жұмыстар атқардыңдар?

VI.Бағалау:

- Сабақта қатысқандарына қарап, бағалаймын.

VII.Үй тапсырмасы:

-Күнделікті ашамыз, үй жұмысын жазып аламыз