"Ана – өмір шуағы" сценарий
Ана – өмір шуағы
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.
2 жүргізуші: Ана,ол- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандар!
Бүгінгі аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі Құтты болсын!
1 жүргізуші:
Құрметті аяулы аналар!
Жүздеріңізден күлкі кетпей, тек қана жайдарлы көңіл күй мен ақ
жарқын өмір тілейміз. Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің
арнайы дайындаған « Ана – өмір шуағы » атты
мерекелік кешімізді тарту етеміз.
2-жүргізуші
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз! -дей отырып даярлық тобы мен 1 сынып оқушылары ның орындауында «Аяулы ана» атты ән-биін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2-жүргізуші:
Ана десем шешек ашып жанары.
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзің мектеп директоры Альмагамбетова Светлана Сапарқызына береміз.
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтайық ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз, дей отырып, даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары жүрекжарды тілектерін ұсынады.
(Оқушылар ортаға шығып тұрады. Интерактивті тақтадан Ана туралы видео ролик көрсетіледі).
Тақпақтар:
1-жүргізуші:
«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Максим Горький
2-жүргізуші:
Белгілі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Адамдар әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», деген.
Алдарыңызда 2 сынып оқушысы Қабашева Алгизаның орындауында
«Ай дидарлы анашым » әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт аналардың аяғының астында» деп. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі дейді
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.
Сіздер үшін тағыда бір тамаша биімізді тарту етеміз 4 сынып оқушыларының биін қарсы алыңыздар!
Ойын: «Қолынан таны» (көзін байлап ортаға ата-ана шығып, қолын созып тұрған балалардың арасынан өз баласын тауып алуы тиіс.)
1-жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы
2-жүргізуші:
Уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,- деп отырып жоғары сынып оқушыларының КВНін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай .
5 сынып оқушысы Серикова Жанайдың орындауындағы
«Мама, мама!» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Мерекеге арналған бүгін билер
Көтерілсін, қанекей,көңіл- күйлер
Алдарыңызда қазіргі қазақ биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, - демекші, ендігі кезекті биге берейік.
Ойын: «Анама тиесілі зат» (Балалар өз аналарына тиесілі затты табуы тиіс)
1-жүргізуші: Сатимова Аружанның орындауында «......................» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Мен «ана» деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.
Өйткені, Ана дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, баланың жылауын қойғызатын ана.
1-жүргізуші:
Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. - дей отырып, құттықтау сөзді мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Молдатина Фарида Оразбековнаға сөз береміз.
Ата-аналарға сөз беріледі:
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
2-жүргізуші:
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!