2022 жылы қыркүйек 05-16 аралығында«Қазақстан тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ
«Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ
2022 жылы қыркүйек 05-16 аралығында«Қазақстан тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген өткізілген іс-шаралар туралы
АҚПАРАТ
2022-2023 оқу жылы
5-16 қырқүйек аралығында жоспар құрылып хабарландыру ілінді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай қабырға газеттері ілініп таныстырылды.
Негізгі іс- шараның мақсаты : -Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру;
-Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;
-Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныстыру;
-Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
-Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Іс-шара барысында келесі жұмыстар атқарылды:
- Қазақстан халқы тілдер күні мерекесінің ашылуы болды. Іс шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты қысқаша түсінік берілді.
- А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гид. Кітапханашы Н.Баетова көрме ұйымдастырып оқушыларға ақынның шығармалары мен кітаптары туралы айтып, сұрақ –жауап алынды.
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 9-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Тілімізге деген көзқарас – елімізге деген көзқарас» атты шығармалар сайысы болды. Оқушылар жазған шығармаларын оқыды, жақсы жазған оқушыларға кері байланыс берілді.
- Мектеп оқушыларының арасында өтетін «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы. Бұған жауапты бастауыш мұғалімі Аюбекова Т. болды. Оқушыларға өлең жаттатып көркем сөз оқуға, жатау қабілеттерін арттыру мақсатында өткізді. Жеңген оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел қамтылды.
Қорытынды: Тілдер күніне орай өткізілген іс-шара өте жоғары, әрі сапалы өткізілді деп танылып өте жақсы деген баға берілді.
Директордың ТІЖ орынбасары: Мұса Е.